Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз сыны

02 наурыз 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қыз сыны
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кеш арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.
Сіздерді «Алма» 2 - ші кіші тобының қыздары арасында өтетін «Асанәлі аруы - 2020» қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:
• Тегін білу тектілік. (таныстыру)
• Өнерлі - өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)
• Талаптыға нұр жауар. (үй тапсырмасы. Қолөнер)
• Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

Жүргізуші: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Базарбаева Багила
2. Ерішова Ардақ
3. Амангосова Орынгул

Жүргізуші: Балғын жүзі албырап,
Қанатын жаңа қаққан
Қарсы алайық аруларды
Сайысқа дайын тұрған.

• Бірінші сайысымыз «Тегін білу тектілік» Таныстыру.

Армысыңдар!
Қош келіпсіз халайық!
Ал қанекей «Қыз сайысын»
Міне бастайық!
Мен боламын
Жұмаева Альфия Ермекқызы
Жасым үште
Руым Ысық
Міне өзі!

Ашып өмір есігін.
Тербетті анам бесігін,
Әдемі, ақылды қыз болдым,
Максуда менің есімім.

Таныстырсам өзімді,
Артурқызы Жанельмін,
Бұл сайысқа қатысып,
Талаптанып көремін.
Әнді жақсы айтамын,
Болып жатқан сайыста,
Бақты сынап мен бүгін,
Озып шығам қалайда.

Отырмысың көрермен
Залға бүгін жиылып
Сөз анасы сәлем деп,
Тізе бүгем иіліп.
Мен де шықтым ортаға
Қанатымды жая
Алдарыңа кеп тұрған
Мұхтарқызы Айя
Атамның жұлдызымын,
Әжемнің құндызымын,
Үш жасынан бәйге шапқан
Адайдың бір қызымын!

Армысыздар ағайын
Сәлемдесіп алайын
Таныстырсам өзімді
Немересі Сырымның
Қызымын мен Нұрымның
Хидаят деп атымды
Хадистерден алыпты
Ұлыстың ұлы күнінде
Тілеймін мен баршаңа
Амандық пен бақытты

Қызымын Адай деген батыр елдің
Жасымнан мен өнерге жетік едім
Ән саламын би билеймін мың бұралып
Абзалқызы Элеонора атым менің
Сәлем берем иіліп алдарында
Амандасу қазақы салтым менің

2. Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер». Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

------------------------------- орындауында «Қуыршақ» биін қарсы алыңыздар.

Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп өз өлең шумақтарымен

Алдарыңызда -------------------------------- өз өнерін көрсетеді

Ән салғызып, билетіп,
Ылғи бізбен жүреді,
Тақпақты да үйретіп.
Ойнатады, күледі.
Қызық - қызық ертектер
Біздерге оқып береді,
Жылауық та, тентек те,
Сол апайға көнеді
Естіп кейде қаламын -
Тәрбиеші апайды
«Қамқоршысы баланың»
Деп атайды анашым.

Ортада ---------------------- «Қара жорға» биімен

Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған -
------------------------------ « Апам үшін күнде де» әнімен қарсы алыңыздар.

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер

----------------------------- орындауында «Өзбек биі»
----------------------------- орындауында « Бала тілегі»

3. Үшінші сайысымыз «Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.

Жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады
Ай көркі биіктетер аласаны
Болмаса ару қыз сұлу әйел

4. Келесі сайысымыз «Сән үлгісі». Қыздарымыз дайын болғанша гүлдер тобының ер балаларының орындауында қара жорға биімен қарсы алыңыздар
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Балабақша тәрбиешісі: Елубаева Айжамал Қуанышқызы
152 812
1
  • 20
1 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Мен қазақтың қызымын (қыз сыны байқауының сценарийі)
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана.
Жапырақ тамырдан нәр алады                                                 Ата-аналар сайысы.
Жапырақ тамырдан нәр алады Ата-аналар сайысы.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Ж. Оразова
Сайыста біздің - Аналар
Сайыста біздің - Аналар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиеші Калкаева Адеми Жоламановна
Гүл көктем, ару көктем
Гүл көктем, ару көктем
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Күз  ханшайымы - 2013
Күз ханшайымы - 2013
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №5 "Балғын" балабақшасының тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қайния Ахмедиярова
Қайния Ахмедиярова Қонақтар 23 қаңтар 2016 20:21
0
Сөздері ыңғайлы , мәні бар жақсы таныстырулар.Жалпы жүргізілу бағдарламасы да тамаша құрастырылған.Рахмет.Бастауыш сынып қыздарына арналған таныстырулар ,қыз сыны байқауының жобасы болса