Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік ел мұраты

14 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул

Ертеңгілік іс – шара тақырыбы: «Ерлік ел мұраты»
Мақсаты: Балаларға батыр аға, апаларымыз суреттен таныту, Ә. Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, М. Мәмбетова ерлігін түсіндіру. Ән, тақпақтарын, мақал – мәтелдерін жатқа айтқызу. Ән ұранды тыңдап бірге қайталап айтуға үйрету, патриоттыққа тәрбиелеу. Ата – аналардың «Ұлы Жеңіс» күнін еске алып өз ойларын айту, екі топқа бөлініп мақал – мәтел жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
«Тәуелсіз егемен еліміздің» өзгерісін, дамуын сурет бойынша бейнелеу, өз ойларымен суретті түсіндіру.
Көрнекілігі: Ұлы жеңіс күніне арналған суреттер, әр түрлі мүсіндер, Ә. Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, М. Мәмбетова

Тәрбиеші: Құрметті: ата - аналар, бүлдіршіндер, ұстаздар!
Сіздерді 9 - мамыр Ұлы Жеңістің 70 - жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі І - кішкентайлар тобында өткізілгелі отырған « Ерлік ел мұраты» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Бүгінгі ертеңгілігімізді ашып, мерекелік лебізін білдіру үшін құттықтау сөзді балабақша басшысы Бисебаева Асел Қаржауқызына береміз.

Тәрбиеші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің 1 миллион 870 мыңнан астам Қазақстандақтар қан майданға аттаны, ерлікпен шайқасты. Жеңіс туының желбіреуіне өзіндік үлес қосты.
Балалар біздің ер жүрек, батыр аға, апаларымыз бар. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сурет бойынша жеке – жеке түсіндіру.

Әлия Молдағұлова асқан мерген болса, Мәншүк апамыз пулеметші, Бауыржан атамыз атақты қолбасшы, командир болған.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.. Санкт - Петербургтегі 9 - орта мектебінде оқыды1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54 - ші арнайы атқыштар бригадасы 4 - батальонының снайпері болған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы 1910жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған. 1982 жылы 10 маусымда дүниеден өткен - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы. 1943 ж. бастап 54 - ші арнайы атқыштар бригадасы 4 - батальонының снайпері болған Балтық Жау әскерінің 30 - дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата - анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағында Алматыда қаласында өскен. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады 1942 жылдың тамызында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады.
1943 жылы қазанның 16 – ы күні Невель қаласында қайтыс болған.
Тәрбиеші: Халқы үшін, Отаны, жері үшін соғысқа аттанып ерлігімен қаза тапқан ата - бабаларымыздың рухын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл, балғын қыз,
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түсті ақ жұлдыз.

Ән: «Жай - жай» Ән жетекшісі: Сатыбалдина Самал
Жеңіс күні мерекесіне арнап бүлдіршіндер өз тақпақтарын айтады

Толық нұсқасын жүктеу
3 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Жеңіс туы желбіре!
Жеңіс туы желбіре!
Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Ұлы жеңіс жасасын!
Ұлы жеңіс жасасын!
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған.
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
Айналамен танысу. Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте
Ер есімі ел есінде сақталады
Ер есімі ел есінде сақталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, № 9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ер есімі ел есінде сақталады Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×