Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік таңы - атқан күн

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақмола облысы, Қосшы ауылы
Ыбырайқызы Рыскүл

Патриоттық тәрбие сағаты
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Барысы:
Әнұраным жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам гимні, - дей отырып гимнді шырқаумен сабақ басталады. Ортада С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жай ғана ойнап тұрады.

Тәрбиеші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
Бүгінгі «Қазақстан елім менің», деген рубрикамен өтілетін «Тәуелсіздік таңы - атқан күн!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жай ғана орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Алижан Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
Асылбек күйі (Детство) ойнап тұрады. (Ана ортадан ақырындап кетеді)

Тәрбиеші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10 - да бар - жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.
Арман:
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Зарина:
Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Динара: Ақ-қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін

Абдурахман: Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ескендір: Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
Аружан: Бас көтеріп шықты жастар алаңға
Тәуелсіздік орнасын деп даламда
Қайрат, Ләззат, Ерболменен Сәбира
Арқашанда батырсыңдар санамда
Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
Алижан: Қайрат
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!

Қарақат: Ләззатқа арнау
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
Абдуллах: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!
Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.
Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,
Басыңнан арылмасын шуақты күн.

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.
Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

Наргиза: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.
Ақтық сөзің армандарың хатта қалды
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды
Қайрат! Қайрат!
Сен мені естимісің
Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.
Ана: Ия, айналайын балапандарым!
Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.
(Залдан көрініс қоюшылар шығып кетеді)

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал балалар елтаңба туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Диас: Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Мади: Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Даулетхан: Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Ақзере: Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Аида: Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің

Нұрай: Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Нарлен: Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Назерке:Гимн
Гимнім -жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.

Айымжан: Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,
Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,
Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.
Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!

Әбілмансұр: Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,
Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.
Мухамедали: Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,
Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!
Рахманғали: Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан –
Суып барып қайтадан табылғансың.
«Гулжазира Қазақстаным» әні орындалады (хор)
Қорытынды:
«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -
дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

Желтоқсан
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
13 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Балалардың бойында елжандылық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған елімен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан жаңғырығы
Балалардың бойында елжандылық сезімдерін қалыптастыра отырып, туған елімен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тілімізбен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Желтоқсанда мұзға айналған көктемдер!
Желтоқсанда мұзға айналған көктемдер!
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп»КММ Физика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ)
Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ)
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×