Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз – елдің жүрегі

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының хореографы
Жағалбаева Нұрсулу Саматқызы

Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өнеріңнен бастау алар бар адам.
Ұрпақпенен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Олай болса қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі «Ұстаз – елдің жүрегі» атты мерекелік шарамызды ашу үшін балабақша директоры Бердібаева Сания Ретханқызына сөз береміз.

Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

Ән: «Бала тілегі» Дүйсеғали Амина

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт беруде еңбегі зор.
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін. – деп балаларымызды ортаға шақырамыз.

Мерейлім: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Төгілген арай шуағым.
Арманым қонса қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

Мейіржан: Өлеңді де үйреткен,
Биді де әсем билеткен.
Мейірімді ұстазым,
Бас иемін құрметпен.

Жарас: Ән салғызып, билеткен,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойнатады, күледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаздар – ұлы тұлғалар
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Ұстаз ұлағатты асыл жандар
Ұстаз ұлағатты асыл жандар
Құрметті аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз «Ұстаздар» мерекесі құттықтаймыз. Ендеше «Ұстаз - ұлағатты асыл жандар» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Ұстаз – ұлы тұлға
Ұстаз – ұлы тұлға
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің мұғалімі Изтлеуова Замзагүл
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Сабақтың мақсаты: Ұстаздар күнінде оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін білдіріп, ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбектерін бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік
Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×