Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жемістер

11 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Баутин ауылы «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Басжанова Рзахан Калдыбаевна

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір - бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру.
Көрнекіліктер: жемістердің суреті салынған картиналар, жеміс түрлері, сиқырлы қалам.
Сөздік жұмыс: жемістер.

Шаттық шеңбер
-«Сәлем,»- дейміз,- алтын күн,
-«Сәлем,»- дейміз,- Жер - ана
-«Сәлем,»- дейміз, баршаңа,- деп.

Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдарын көңілдене орындайды.
- Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілінің айларын атайықшы
– Үш айдан тұрады, наурыз. сәуір, мамыр.
- Балалар жеміс бағына саяхатқа барайық.
- Балалар міне жеміс бағына келдік кәне балалар бағбан апаймен
Амандасайық.
- Сәлеметсіз бе?
Бағбан апай:- Сәлеметсіздер ме балалар қош келдіңіздер кайдан келесіздер?
Балабақшадан
Бағбан апай:
- Балалар менің бағымда барлық жемістер өсіп тұр, мен оларды күтіп баптап өсіремін, күнде су құямын, түбін қопсытамын осы еңбегімнің арқасында жеміс жеудемін.
- Менің бағыма кіру үшін мен сендерге сұрақ қоямын.
- Балалар жемістер қайда өседі? Жемістер ағаштың басында өсе ме, жерде өсе ме?
Балалар: - Бақта, ағашта өседі.
Бағбан апай: - Жарайсыңдар балалар келе қойыңдар
- Міне біз жеміс бағына келдік жемістер ағаш басында өсіп тұр екен, біз осы жеміс ағаштарын баптап, күтіп суарып тұруымыз керек.
- Енді балалар маған жемістердің түрін, түсін, пішінін айтып бере қойыңдар?
Балалар себетке жемістерді жинайды.
Тәрбиеші:- Балалар кім қандай жеміс жинады екен түрін, түсін, пішінін айтайықшы?
Балалар түрін, түсін, пішінін айтады.
- Қане балалар саяхатымыз аяқталды енді көлігімізге мініп балабақшамызға барайық.
Балалар кәне ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Танып алда, дәмін ажырат» д/о
Мақсаты: Балалар жемістің дәмін татып ажырату керек.
- Балалар жемісімізді жеместен бұрын жақсылап жуып жеуіміз керек, әйтпесе балалар ішіміз аурады.
Балаларға жемісті кесіп, жегізіп дәмін ажыратады.
Балалар жауап береді.
- Балалар біз қайда бардық?
- Қандай жемістер тердік?
Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже.
Біледі: жеміс түрлерін атап, оның ішінде пішінін қолмен көрсету.
Игереді: жемістің қайда өсетінін жөнінде түсінікті игереді.
Меңгереді: жемістер жайлы мағлұмат.
21 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз
Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы «Жаңақала аудандық балалар бақшасы» МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Нуржанова Жадыра Жанболатқызы
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
1. Балалардың жыл бойына алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту. 2. Балалардың шығармашылығын жұмбақтар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Жомарт ата бағында
Жомарт ата бағында
Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, күз туралы өлең, тақпақтар, мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×