Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы!

21 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аягөз қалалық №6 бөбекжай - балабақша тәрбиешісі
Адильханова Айгерим Бейсенғазықызы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным
Тараулары: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!»
Мақсаттары:
1. Білімділік: Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой - қиялдарын дамыту.
2. Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт.
Сөздік жұмыс: Мамандық - профессия
Көрнекіліктер: тақырыптың суреттері, мамандық иелерінің құралдары мен киімдері, ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қорап.

Балалар шеңберге тұрып, «Күн» атты шаттық шеңберін жасап, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма?
- Далаға шыққанда тоңасыңдар ма?
Егер тоңатын болсаңдар, қане қолымызды жылытайықшы (үрлеу әдісі)
- Қане, жылындық па?
Жылынып, болсақ, бір сәт өзімізді сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Балалар айналаның бәрі қандай?
- Қардың түсі қандай?
- Ауа - райы қандай?
- Мұның бәрі қай мезгілде болады?
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.
Біз бүгін мамандық иелері туралы өтеміз.
Барлық мамандар өмірде өте қажет екен. Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер?
- Балалар біреу есік қағатын сияқты?
(Почташы келеді де, хат пен чемодан әкеледі)
Почташы беріп кеткен хат бойынша жұмбақ жасырайын:
Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі.
(Мұғалім)
- Өте жақсы, олай болса бүгін бізде Ақбота мұғалім болады.
Жақсы оқып сабақты
Білім алып толамын
Бөбектерді оқытар
Мен мұғалім боламын!
(Ақбота мұғалім болып, балалармен әңгімелеседі)
- Рахмет. Сиқырлы қалам не дейді екен? Енді келесі жұмбақты жасырайын:
Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
- Өте жақсы, Балнұр бізде дәрігер болады.
Кішкене әлі баламын,
Таудай болар талабым.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
- Балалар қанеки 1 - 2 бала шығып, дәрігеріміз Балнұрдан ем қабылдайық.
- Рахмет. Сиқырлы қалам қандай мақал айтады екен?
Тағы жұмбақ:
Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді.
(Тігінші)
Тігінші қызымыз Айшаны шақырайық:
Өрнектетіп, сәндетіп
Тігістерін бүгетін
Тігінші болам мен ертең.
Киім - кешек тігетін!
- Балалар мен Айшаға өзімнің бет орамалымды тіктіргім келіп тұр.(Айша тігін машинасымен іс тігіп балаларға көрсетеді)
- Біздің балаларымыз қандай өнерлі. Келесі жұмбақ:
Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім?
(Солдат)
Біздің арамызда ел қорғаны болам деп Алихан отыр екен. Олай болса Алиханды шақырайық:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Шынығамын таңертең
Ағалардай Отанға
Солдат болам мен ертең!
- Қанеки 2 - 3 ұл ортаға шығып Алиханның бұйрығын орындап, болашақта сарбаз болатынымызды дәлелдейік. Сиқырлы қаламның мақалы.

- Ал балалар соңғы жұмбақ:
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
- Біздің бүгінгі аспазымыз Аяулым:
Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.
- Қанеки тағы 2 бала шығып біздің аспазымыздың қолынан дәм татайық.
- Рахмет. Балалар мың бұралған биші де бір мамандық иесі екен. Олай болса біз де бойымызды сергітіп биші болып, би билейік.

Сергіту сәті: «Веселые утята» биі.

Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
- Балалар бағанадан бері сендер көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстыңдар. Енді өздерің де өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кез келді. Сендердің кім болғыларын келетіндігін мен мына сиқырлы қаламмен жазып алам да, «Арман гүліне» іліп қоямыз.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сенде бір - кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан!
Балалар осындай мамандық иесі болу үшін білімді, тәрбиелі болып ер жетуіміз керек.

Қортынды:
Балалар бүгін біз не туралы өттік?
Қандай мамандық иелерімен таныстық?
Балаларды мақтап - мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілі мен ауа - райы белгілерін ажырата білуі керек.
Болу керек: Әр түрлі мамандық иелері туралы мағлұматы болуы керек.
Істей білу керек: «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап бере білуі керек.
39 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Кім болам?
Кім болам?
Балалар бүгін біз қазіргі заманға сай «Рекламный агент» және «Дизайнер» заманауи мамандық иелерімен танысамыз.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің «Айгөлек» шағын орталық тобының тәрбиешісі Айекешова Гүлмира
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×