Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек - бәрін де жеңбек

25 сәуір 2021, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
І кіші топ
Еңбек - бәрін де жеңбек
Мақсаты:
Балаларды еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.
Еңбек етуге деген қызығушылықтарын, ой - қиялын, тілдерін дамыту.
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, нан, дирмен, бидай, ұн, тоқаштар.

Шаттық шебері.
Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.
Амандасу.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп сәлемдесіп аламыз.
Балалар жылдың қай мезгілі?
Қыс.
Қыс мезгілінің неше айы бар?
Үш айы бар; желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ауа - райы қандай болып тұр?
Балаларға жаңа сабақты түсіндіру.
Біз бүгін жаңа сабақта еңбек жайлы білетін боламыз.
Тақтадан еңбек туралы суреттерді көрсетіп түсіндіру, сұраққа жауаптар алу.
Еңбек түрлері көп: жазғы еңбек, күзгі еңбек, қысқы еңбек және көктемгі еңбек болып бөлінеді.
Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері бар екен.

Әңгімелесу
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс – әрекеттер.
- Еңбек түрлерін білесіңдер ме?
- Еңбек ету адамға қажет деп ойлайсыңдар ма?.
(халық мақалы)
Бақдаулет. Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Айзере. Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Бақжан. Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең - Еңбек.
Нұрасіл. Гүл отырғызсаң терлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Жақсат. Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
«Әли мен Аян, талқан нан» туралы ертегі.(компьютерден көрсету)

Сахналау.
Балалар көрген ертегіні сахналайды.(әже, бала, қыз)

Дәйек сөздер:
Әмина. Бақыт кілті - Еңбекте.

Мақал - мәтелдер:
Сұңқар. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Мирас. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Кәусар. Еңбек ер атандырады.
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
«Көңілді күн» әуеніне би қимылдар келтіру. (Қимылмен көрсету)
- Ойын: «Ормандағы аю»
Шарты: Балалар орманға барып құлпынай тереді, ұйықтап жатқан аюды оятып алады, аю балаларды қуалайды. Балалар өздерін бақытты сезініп қуанады.

Қорытындылау:
Балалар біз не жайлы білдік?
Еңбек түрлерін атап беріңдер?
Нан қандай еңбекпен келді?
Еңбектенген адам мұратына жетеді.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Кеген ауылы, «Балбөбек»бөбекжай балалар бақшасы
тәрбиешісі: Рахима Байбосынова
51 777
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек бәрін де жеңбек (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)
Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Еңбек - бәрін де жеңбек
Еңбек - бәрін де жеңбек
Астана қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Халиева Райхан Зиятқызы
Еңбек - бәрін жеңбек
Еңбек - бәрін жеңбек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы Құмжарған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожанова Күнсұлу Есенғалиқызы
Еңбек етсең емерсің
Еңбек етсең емерсің
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×