Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көгалдағы балапан

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ортаңғы топқа арналған сабақ тәрбиешісі:
Жалпаксаринова Айгерим Амантаевна

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Жапсыру
Тақырып: «Көгалдағы балапан»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Көгалдағы балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Балаларды зерделікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауын дамыту.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу
Құрал – жабдықтар: желім, қыл қалам, желім қоюға арналған ыдыс, қағаз қалдықтарын салатын қорап, таза шүберек, баспа қағаздары, фломастер болуы керек.
Сөздік жұмыс: Көгал, балапан, сары, мамық.
Қостілдік компонент: «Көгалдағы балапан» «Цыпленок на лужайке»
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншық балапан.

Сабақ кезеңдері
1. Ой қозғайтын себептер
Ізденіс ұжымдық бөлім
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, көк аспан!
Қайырлы күн, жер ана!
Қайырлы күн, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым!
Балалар, ортаға бір бала шығып сиқырлы қораптың ішінен суреттер таңдасын. Сол суретке байланысты жұмбақ жасырсын.

Жұмбақ: Өзі сара, өзі мамық
Тауықтың баласы
Оның аты...
Балалар бізге қонаққа балапан келді. Бәріміз балапанмен танысып, бір жылы сөз айтайық.
(Менің атым Айша, сен қандай мамықсың).
Балалар біз көгалдағы балапандарға қонаққа барайық
Балапандар көгалда, шөп, жем, жеп жүр. Олар қандай әдемі, мамық, оларды әр қашанда аялауымыз керек.
Енді біз, қағаздың бетіне көгалдағы балапанды жапсырайық.

Сергіту сәті:
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек жалғасы
Шылдыр шүмек кезекші
Кішкентай шынашақ
Жұмыс істеу барысы:
1. Балалар, бірінші біз көк түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз. Ол бізде бұлт болады
2. Жасыл түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз Ол бізде шөп болады.
3. Сары түсті қағазды, кішкентай бөлшектерге бөлеміз балапанын денесін жасаймыз.
4. Фломастермен көзін, және аяғын саламыз.
Балалар бүгін бізге қонаққа не келді? Балапанның түсі қандай?
Қайда саяхат жасадық?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Жапсырмалау тәсілдерін, умаждау, жырту арқылы балапан бейнесін жасай білуді.
Игеру тиіс: Топпен жұмыс, композиция жасай білуді.
36 677
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Тауық пен балапан
Тауық пен балапан
Жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуді үйрету; қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын және тілдерін дамыту
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Ақ балапан Сары балапан Шұбар балапан Қара балапан Барлығы неше балапан?
Санамақтар
Санамақтар
Бір балапан ұяда, Бір балапан қияда... Екеу болды есебі, Қалды ұяда нешеуі?
Жапсырмалау
Жапсырмалау
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×