Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анашым, сен бәрінен де артықсың

01 маусым 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№7 «Балдырған» санаториялық
бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Жұмаханова Мирамкүл

«Анашым, сен бәрінен де артықсың»
Мақсаты: Балалардың орындау мәдениетін, шығармашылыққа қызығушылықты, сахнада орындау талаптарын дамытуды жалғастыру, басқа балалардың сахнада орындағандарына эмоционалды сезім, музыкамен қарым – қатынастарынан қуаныш туғызу. Аналарына құрмет сезімін ояту, аналарына қуаныш сылау.
Вальс ырғағымен би билеп кіру.

Тәрбиеші: Балалар, сендер гүл көктемнің жүрекке жылы, мейірімді, ең
алғашқы мерекесін білесіңдер ме?
Балалар: Білеміз, ол 8 наурыз аналар мерекесі.
Тәрбиеші: Әрине балалар, ол өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімге толы көзқарасы арқылы, халқымыздың табыну кілтіне айналған, біздің ару аналарымыздың мерекесі.
Қымбатты да ару аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

1 - бала: Сыйлаған өмір біздерге,
Мың алғыс сізге аналар.
Мерекемен құттықтап,
Басымызды иіп сіздерге,
Тағзым етеміз аналар. (Балалар тағзым етеді)
Тәрбиеші: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Тәрбиеші: Мерекелік құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісіне сөз беру

Хор: «Көктемде»
Тәрбиеші: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Оранар еді әлемде тек тыныштық.
Нұрай: Жадыратып айналаны,
Көктем келді күлімдеп.
Күн қуанып аймалады,
Сулары ақты гүрілдеп.
Жердің беті түрленіп,
Көк майсалар жайқалып,
Өсімдіктер гүлденеді,
Жұпар иісі байқалып.
Мирас: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Тәрбиеші: Күмбірге толы сырды әуен,
Мереке ән мен жалғассын.
Музыкалық бір сәлем,
Анаға енді арналсын.
Жеке ән: «Шақырады көктем» Бегімсұлу.
Ерасыл: Жыл басы – наурыз мереке,
Ақнұрға әсем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Ақжан: Мерекені бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.
Аружан: Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын.
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек – ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек – ау.
Тәрбиеші: Арайлап атты таңымыз,
Жайнайды бақша бағымыз.
Гүлдердей құлпырып,
Би билейміз біріміз.
Би: «Лентамен би, топ балаларымен»
Айбол: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Бегімсұлу: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сенсің ана, жан күші,
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы.
Ерхан: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейрамыңмен,
Құрметті аналар!
Бағлан: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы таппағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.
Сағыныш: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Жеке ән: «Бақшада» Нұрай.
Би: «Сумасшедшая весна» Сұлтан, Аружан, Ақжан, Айгерім, Нартай, Лига
Жанель: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.

Толық нұсқасын жүктеу
2 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Анашым, мерекеңмен!
Анашым, мерекеңмен!
Дүние көркі, мықты еркі ол - Ана Сәби үшін жұмсар күшін ол - Ана Мейірім толы, жұмсақ қолы ол - Ана Биік асқар, ұзақ жасар ол - Ана
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×