Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Барлық мамандық қажетті

03 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Барлық мамандық қажетті
Білім беру саласы: Әлеуметтік, Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: - Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру
арқылы зейіндерін дамыту.
- Мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекіліктер: Мамандыққа байланысты суреттер, дидактикалық ойынға қажетті слайд

Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері
- Балалар бүгін бізде ерекше күн, тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады.
(бір - біріне жақсы тілектер айтып гүл шоғын береді)
- Балалар қараңдаршы сендердің гүл шоқтарың үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Мінеки, өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.

- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- Балабақшамыз көркейе
- Деніміз сау болсын
Балалармен сәлемдесу

Ұйымдастыру - шылық - іздестіру
- Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген, өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы
(есік қағып қоян кіреді)
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені машина қағып кетті.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (мұғалім, дәрігер, тігінші, ғарышкер). Бұл сөздер нені білдіреді?
- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.
Енді өзімізді бишіміз деп санап, би билеп сергіп алайық.
Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш»

Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.
Мысалы – дәрігер маманы кім? – ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.
Аспазшы маманы кім? – дәмді ас пісірумен айналысады.
Құрылысшы маманы кім? – көп қабатты, зәулім үйлер салады.
Мұғалім маманы кім? – оқу мен жазуды үйрететін, білім беретін апай.
Маи қызметкері кім? – елдің тыныштығын қорғайтын маман.
Сатушы кім? – ол азық – түліктер сататын адам.
Шаштараз маманы кім? – түрлі шаш сәндейтін адам.
- Балалар қоянды емдеп жаздық. Енді жол ережесін маи қызметкері түсіндіріп жолдан жүргізіп көрсетсін.
- Жарайсың, қоян, енді жол ережесін үйрендің бе.(үйрендім)
- Олай болса сен бізге қонақ бол.
- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бәріміз тақтадағы ойынның шартымен танысып өтейік.
Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз.
- Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.
- Бірге ойнайсыңдар ма?
- Ендеше «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойының ойнайық.
- Шарты: Қоян доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.
- Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.

Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.

Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ халатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.

Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап жұмысы.

VI. Қорытынды: Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!
Мұғалім:
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.

Дәрігер:
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.

Шекарашы:
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.

Жүргізуші:
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

Аспазшы:
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

Ғарышкер:
Тоқтар, Талғат – нағыз ер,
Солардай болам – ғарышкер.
Полиция:
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.
Құрылысшы:
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.
Кенші:
Ел байлығын көбейткен,
Шахтёр болам есейсем.
Тігінші:
Тігетін киім - кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Электрик:
Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

Балабақша тәрбиешісі: Бибінұр Дауылбаева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 781
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру; Барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
Кім болам?
Кім болам?
Балалар бүгін біз қазіргі заманға сай «Рекламный агент» және «Дизайнер» заманауи мамандық иелерімен танысамыз.
Мамандықтар еліне саяхат
Мамандықтар еліне саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі Акбаян Сыздыкбаева
Мамандығым-мақтанышым
Мамандығым-мақтанышым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×