Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Желбіре, жеңіс жалауы!

21 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Желбіре, жеңіс жалауы!
Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер.
Жүрісі:
Жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құтарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы. 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ мәңгі есінде қалдыру баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Көрініс: Сахнада ата мен немересі мәңгілік алау алдында гүл қояды, орындаққа отырады.
Ата: Балам, мәңгілік от алауында өзіңе 1941 жылы 22 маусым күнінен басталған зұлым соғыстың шежіресін еске алайын. (Радиодан соғыстың басталғаны жайында хабар естіледі).
Көрініс: (Соғысқа азаматтарды аттандыру, халықпен қоштасу).
- Біз елге жеңіспен ораламыз!
- Жауды жеңбей қайытпаймыз!
- Аман келіңдер.
- Жеңіспен оралыңдар!
Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген - болған емес тегін іс
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген - екі жаққа жеңіліс.
Ата: «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін!» деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты.
Ортаға Әлия Молдағұлова шығады.
- Мен 18 - ге толдым, бірақ өзімді ересек сезінемін. Себебі жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашистерді аулауға өзім шықтым.
(Әлияға қарсы 5 неміс солдаты келе жатады)
Әлия: Бұл бесеуін Ленинград үшін, жолдастарым мен туған елім үшін о дүниеге аттандырамын.
(Әлияның сырт жағынан неміс фашисттері Әлияны атады, оқ тиген Әлия тұрып қалады да, «Алға, алға, алға!» деп құлайды).
Ата: Мәскеу, Сталинград шайқасы неміс фашист әскерлерін Кеңес жерінен
жаппай қуудың бастамасын жасады. Майдан иесі Германия шекарасына жақындады.
Жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады Рейхстагқа.
Көрініс: Үш жауынгер еңбектеп, жүгіре басып биік бағанға қызыл ту іледі.
Ата: Жеңіс осындай ерлікпен келген еліңе, балам.
Сүйінші, халқым, сүйінші,
Сүйіншіге сүйінші.
Шаттан ата - анамыз,
Шаттан ата - бабамыз.

Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке.

Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән - көрік.
Жеңіс келді алақай,
Тойып жейтін нан болып.
Көрініс:
Бала: «Апа, апа сүйінші, ағам келе жатыр» (Жаралы жауынгерлерді елдің қарсы алады)
Аталар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын.
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр әніміз.
Жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үмітттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты, - дей отырып 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз.
Мерей үстем болсын Отан - ардың,
Батасы қабыл болсын аталардың!
Осымен «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
6 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Бәрімізге ортақ – Жеңіс!
Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Желбіре, Жеңіс жалауы
Желбіре, Жеңіс жалауы
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×