Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас атасы – нан, Бауырсақ

29 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Кіріктірілген білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет. Жапсыру.
Тақырыбы: «Ас атасы – нан», «Бауырсақ»
Мақсаты:
1. Білімділігі: Нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, Ой қиялын дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақ, слайд,
Сөздік жұмыс: комбайыншы, тракторшы, наубайхана, элеватор.
Полингвалдық компонент: нан - хлеб; бидай - зерно, егін алқабы - хлебное поле.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз
«Сәлеметсіз бе» дейік үлкенге.
Сәлеметсіз бе, здравствуйте,

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Жұмбақ: 1. Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ. (таба нан)
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (бидай)
- Дұрыс таптыңдар, балалар, осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «ас атасы - нан» деп аталады.
- Балалар, неге нанды ас атасы деп айтамыз?
- Иә, нан ең қасиетті тағам, біз бір тағамды күнде - күнде жей берсек, ол тамақтан шығып қаламыз ия. Ал нанады біз күнде жейміз, әрқашан дастарханымызда нан тұрады.
- Ал енді осы қасиетті нан дастарханымызға қалай келеді екен?
- (слайдтан көрсету) Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз? Көктемде бұл тракторлармен жерді жыртып, оны тырмалап, жерге мынандай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсету)
- Келесі суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар бұл егін алқабы.
- Келесі суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Егінді орып жүрген комбайн. Ол бидайды тазартып көлікке салып береді.
- Келесі суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, диірменде бидайдан ұн тартып шығарады. (ұнды көрсету)
- Келесі суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Иә, тартылған ұнды наубайханаға апарып, сол наубайханада нанның әр түрін пісіріп, дүкендерге әкеледі. Ал, мына суретте нан дүкен сөрелерінде өз сатып алушыларын күтуде.
- Сонда нан дастарханға оңай жолмен келеді ма екен?
- Жоқ, әрине көптеген адамдардың маңдай терлеріңнің арқасында келеді.
- Нан туралы кім тақпақ айтып береді?
- Балалар нанға байланысты мақал – мәтелдерді білесіңдер ме?
1. Нан бар жерде ән бар
2. Дәнді шашпа, нанды баспа.
3. Дастарханда наны жоқтың,
тамағының сәні жоқ
4. Ас атасы - нан, нан атасы – дән.
- Нан қасиетті тағам, сондықтан нанға байланысты қандай тыйым сөздер бар?
- Ал, енді «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Абдрахман, Айару, Ильяс
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзңн сап.
- Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан
- Диірменге келдің қай жақтан
- Даладан келдім кең жатқан,
Жер анам менің көсілген,
Дихандар мені өсірген.

Сергіту сәті:
Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып, көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз
Нанға біздер тоямыз.
- Балалар біздің оқу қызметіне қонақ келе жатырған сияқты.
Ішке аспазшы апай кіреді қолындағы себетте нан түрлері бар.

- Сәлеметсіңдер ме балалар, сендер бүгін нан туралы өтіп жатырғандарыңды естіп келдім.
Міне, мына себетте ұннан жасалған тағам түрлерін сендерге алып келдім. (нан түрлерін көрсетеді)
- Рахмет сізге аспазшы апай, енді осы бауырсақты қалай пісіретінін бізге айтып берсеңіз.
(бауырсақтың жасалып, пісу жолдарын айтып береді). Қамырды жазып түрлі пішіндегі қамырды көрсетіп, пісіріп алып келем деп шығып кетеді.

Дидактикалық ойын:
«Суретті орны - орнына қою»
- жер жыртқан трактор
- егін
- егін жинаған комбайн
- тиеп жатқан бидай
- Элеватор
- қапшықтағы ұн
- наубайхана
- нан түрлері
- балалар, мана бізге аспазшы апай бауырсақтың қандай пішінде болатынын айтты.
- дұрыс айтасыңдар, енді біздер сондай пішіндегі бауырсақты қиып жапсыруымыз керек. Алдымыздағы қызғылт-сары түсті шаршыны алып, оның бұрыштарын қайшымен қию арқылы дөңгелек жасаймыз. Жасаған бауырсақтарымызды ыдыстың үстіне жапсырамыз.

Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар бүгінгі оқу қызметімізде не туралы айттық?
- Нан біздің дастарханымызға оңай келеді ма екен?
- Иә, ол үшін көптеген адамдар еңбек етеді екен.
- Мысалы қандай адамдар маңдай терлерін төгеді?
- Ендеше солардың құрметіне «Ақ бидай» әнін орындайық.
- Аспазшы апай келіп балаларға бауырсақ пісіріп алып келгенін айтып, беріп кетеді
- Ал, енді балалар қонақтармен қоштасайық:
Сау - саламат болыңыз,
Шаттаныңыз күліңіз.
Дастарханында әр үйдің,
Болсын қасиетті нанымыз!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: трактор, диірмен, комбайн мен бидайдың не екенін, нанның оңай жолмен келмейтінін.
Түсінеді: ұннан қамыр жасауды, қамырдан бауырсақты жазып кесуді.
Меңгереді: жер жырту, тырмалау, дән егу, комбайнмен ору, диірмен, наубайхана сөздерін және нанды қастерлеуді

Атырау қаласының
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Аманиязова Заря Сисенғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас атасы – нан
Ас атасы – нан
"Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Алтыннан да ардақты
Алтыннан да ардақты
Нанның қадір қасиеті, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Адам еңбегін бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Нан дастарханға қалай келді?
Нан дастарханға қалай келді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының мұғалімі Кубегенова Жумагул Калыбаевна
Нан - дастархан байлығы
Нан - дастархан байлығы
Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Өмірден алған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×