Білімділер поралы
загрузка...

Алтын күз

Алтын күз
Мақсаты: Күз туралы қазақ тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап. Сабақтың көрнекіліктері:, тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, себеттер және күз келбеті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Білер қазақ баласы. « Сәлем – сөздің анасы» Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.

ІІ. Ән әуенімен күз кіріп келеді (балалар қарсы алады) Амандасады. Мен кіммін? Күз Қазір қай жыл мезгілі? Қазір күз мезгілі. Қандай күз айлары бар? Қыркүйек, қазан, қараша

ІІІ. Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Наташа
Сары алтындай сары күз –
Қамбадағы дәніміз.
Шелек – шелек балымыз,
Ағыл – тегіл ағымыз.

Катя
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.

София
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.

Евгений
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

ІV Сергіту сәті: Қыс – құнар береді, Көктем – дән себеді, Жаз – бастап, өсірсе Күз – жинап береді.

V. Тіл дамыту. Күз мезгілін қалай білеміз?

Маша
Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.

Балалар Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар. Күзде алуан – алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі. Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз. Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.

VІ. Жұмбақ шешейік: Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. ( Пияз)

VІІ. Ойын « Кім жылдам?» (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)

VІІІ. Үлестірмелі суреттер. (Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз
тіркестерін айтады)

Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.
Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.
Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.
Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз. сары сәбіз. Үлкен сәбіз.

Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?
Балалар: Бұл күзде болады.
Күз: Балаларға көп – көп рахмет айтып, қоштасып кетеді.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 165
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 165
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика