Білімділер поралы

Бағдаршам біздің досымыз

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз».
Мақсаты: Білімділігі: Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Дамытушылығы: Балаларды бағдаршаммен, жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Жаяу жүргіншінің өзін - өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Билингвалды компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.

Мотивациялық – қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.

Ұйымдастыру - іздестіру Балалар, қане мен сендерге
жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа аудару)
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Үш түсті кім атап береді?
- Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?
Бағдаршам туралы түсінік беру:
Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер жүреді..
- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, адамдар жолдан өтеді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.
Ғажайып сәт. Ортаға жол сақшысы келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Жарайсыңдар, балалар! Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!
Ойын: «Жолдан өту»
Шарты: Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
- Жарайсыңдар балалар,
Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер екен?
Жол сақшысы:
- Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?

Бағдаршам біздің досымыз. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 60
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 60
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика