Білімділер поралы

Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Аяулы анашым! атты 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар -
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті апа, аналар!
Жүргізуші: Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпырған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Балалар залға көңілді ән - күймен, ұлдар кіреді бір рет айналып тоқтайды, содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама - қарсы тұрады, ұлдар бір - бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады, содан кейін өздері отырады.

Жүргізуші: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?
Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
Қызығыңда, бұзығында көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \Иә \
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
Ән «Апатайым анашым»Хор
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.- дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыңыздар!

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың, (Дамир)
Анаға айтар лебізі.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам, (Т. Коркем)
Айналайын ақ анам

Алпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтайымын!( Асылжан)

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек (Алинур)
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын. (Інжу)
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.

Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп! Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтыңдаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Көктем келеді. \балалар мен, ата - аналармен амандасады.\
Жүргізуші: Көктем, қош келдің, төрлет Көктем! Біз сені көп күттік! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала!

Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Ұлдар биі»Орындайтын – ұлдар.

Көрініс; «Үш қыз» татар халық ертегісі

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, (Бақтияр
Қуантсам деп келемін.

Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар, (Әлішер)
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі (Мерей)
Маған айтып береді

Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең (Аңсар)
Құттықтаймын анашым!

Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекең! (Маруа)

Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым. (Ерхан)
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 167
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 166
Роботтар: 3
Бірлік
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика