Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әрекет

22 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы ересек «Ақниет» тобы
8 – сабақ
«Қатынас» білім беру саласы
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Әрекет»
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін үйрету.
Білімділік:
Сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «і», «қ» «ұ», дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;
Сөздік қорын молайту және белсендіру: отыр, тұр, жатыр, қарайды, ұйықтайды, секіреді, ойнайды, тыңдайды, ішеді, жейді, шомылады;
Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: әуелі мұғалімнің көмегімен соңынан өз бетімен жай сөйлем құрастыруға сұрақтарға жауап беруге үйрету. Таныс сөздерін өзгертуге үйрету: көкөніс - көкөністер т. б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету: сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыруға, мәтінді түсінуге жаттықтыру.
Түзету: тілді түсіну, есте сақтау, логикалық - ойлау қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: мемлекеттік тілде мәдени - әлеуметтік өзара қатынасқа дайын тұлғаны тәрбиелеу, қазақ тілінде дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік пен құралдар:
демонстрациялық: Білгішбек (қуыршақ театрынан), Сұрақ мырза, ребус «қарақат», жидектердің муляждары, қуыршақ, қ, ə, ұ дыбыстарын суреттер;
үлестіретін: жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.
 Іс – әрекет
кезеңдері
 Мұғалімнің іс - әрекетіБалалардың
Іс - әрекеті
Мотивациялық -
қозғаушылық
1. Сәлемдесу.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бүгін қазақ тілін үйренуді жалғас –
рамыз.
Д/о «Қайда өседі?»
- Мынау не?
- Сәбіз қандай?
- Сәбіз қайда өседі?
- Алма қайда өседі?
- Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ – олар нелер?
- көкөністер қайда өседі? 
Амандасады.
Жауаптар:
- Мынау – сәбіз
- сәбіз бақшада өседі.
- Алма бауда өседі.
- Сәбіз, қияр, пияз, қызанақ – көкөністер.
- Көкөністер бақшада өседі.
Ұйымдастыру –
іздестіру
2Білгішбекке жұмыс дәптердегі әрекетті білдіретін суреттерге балалардың назарын аудартады. Әрекет сөздерін үйренуді ұсынады.Қызығады, келіседі.

Жаңа тақырып үйренеміз.
1 ф/ж «Сөзұйқастар айтайық».
Ыр - ыр - ыр – орындықта бала отыр.
Ыр - ыр - ыр – мысық диванда жатыр.
Ұр - Ұр - ұр – қыз балмұздақ жеп тұр.
Тыңдайды. Қайталайды.

3. Тапсырма: сөзжұмбақ шешу, жидектерді қайталау).

4. «Сергіту сәті» «Бұйрықты орындаңдар»Орындайды

5. Тіл дамыту. Е. Өтетілеуов. «Тәй - тәй»
Бөпем бүгін қаз басты,
Тәй - тәй.
Көп емес, аз басты,
Тәй - тәй.
Өзі мәз боп күледі.
Тәй - тәй.
Әлі - ақ тез жүреді.
Тәй - тәй.
Тыңдайды, Қайталайды, сұрақтарға жауап береді.

6. Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы: «Аю не істейді?»
Жауап бер боя.
Дәптердегі тапсырманы орындайды, әңгімелейді.
Рефлексивті –
түзетушілік
1. Сұрақ мырзаға жауап бер:
– Бүгін қандай сөздер үйрендіңдер?
Жауап беріп, қайталайды

2. Мұғалім мен Білгішбек балаларды мадақтайды.Жетістіктеріне қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Тақырыптық сөздерді, олардың мағынасын, сөз – тіркестерді;
«Қайда өседі? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап беруді.
Қандай түсініктерді игереді:
Әр – түрлі әрекеттер туралы түсініктерді..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
мұқият тыңдап, түсініп, сұраққа жауап беру, нұсқауларды дұрыс орындау;
Нұсқауларды дұрыс орындау;
Қ, ұ дыбыстарын артикуляциясын жетілдіру;
Сөз ұйқастарын дұрыс айтуы;
дәптерде тапсырманы орындау және қарындашты дұрыс ұстау;
белсенді ойынға қатысу.
1 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
The Penguin
The Penguin
Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Балалардың танып білуге деген қызығушылығын арттыру. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұыс құрастыруға үйрету.
Winter сlothes
Winter сlothes
Тақырыбыпқа байланысты жаңа сөздерге үйрету. I wear … тіркесімен сөйлем құрастыруды үйрету. Спецификалық дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыру.
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой - өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой - өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 мектептің даярлық тобының мұғалімі: Садуакасова Венера Аккасынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×