Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз өссе - елдің көркі

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
8ші Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған
«Қыз өссе, елдің көркі» атты сайыс

«Жұлдызша»ересек тобының қатысуымен өтетін қыздар арасында сайысы: «Қыз өссе, елдің көркі» - атты байқауымызды ашық деп жариялай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға шат - күлкі тілейміз!. Қыздарымыз балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты. – деп әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші: Үміт қып маған қарайсың,
Көңілге медет санайсың.
Балалыққа жарасаң,
Аталыққа жарайсың. – демекші бүгінгі сайысымыздың демеушілерімен де таныс болайық. Олар аруларымыздың ата - әжелері, ата - аналары, нағашы жұрты, әпке - жезделері, аға - жеңгелері, және кіндік шешелері.
1. орынға – «Жұлдызша» аруы.
2. орынға - «Жұлдызша» тоғжаны.
3. орынға - «Жұлдызша» сұлуы.
4. орынға - «Жұлдызша» жанары.
5. орынға - «Жұлдызша» көзайымы.
Жүргізуші:- Уа, халайық, халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі «Жұлдызшаның»,
Сайысын біз бастайық.

«Қыз өссе елдің көркі» - деген атты байқауымызды ел дәстүрін қолдайтын, ер намысын қорғайтын Ердәулетіміз ашып береді.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Аруларың ортада,
Көзайымын салайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.
Асқар анау аталар,
Салиқалы әжелер.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бүгін ару аталар.
Уа, арулар, арулар,
Ешкімнің жоқ аяалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазылар бағалар.
Ән ырғағымен ер балалар, аруларды алып ортаға шығады.

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
- Вальс: 5 қыз, 5 ұл билейді.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын сайыстың атқаратын міндеттерімен таныстырып өтейік:
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. қазақтың ою - өрнегін жапсыру – қорғау.
3. Ата - салтқа байланысты сұрақ - жауап.
4. Үй тапсырмасын (тамақ дайындау дайындауын түсіндіріп айту).
5. Қазақтың салт - дәстүріне байланысты жұмбақ шешу.
6. Би билеуден жарыс.
7. Ән айтудан жарыс.
8. Кешкі киім үлгісі.
Жүргізуші: Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Ата - салтын ертеңге,
Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
1. Өзін - өзі таныстыру.
Армысыздар, ата - анам, тәрбиешім.
Бұл сайыста сыналар бағым менің.
Өздеріңнен тұтанған мен бір жалын,
Сұрасаңыз Зарина менің атым.
Жинаған қызғалдақтай қыр гүлін,
Жағалбайлы руынан Бескүректің ішінде Аютабан.
Барша жұрттың алдында тізе бүгіп,
Баршаңызға беремін сәлемімді.

Өзімді мен таныстырсам,
Назирамын еркелеген.
Қызымын мен Бауыржанның,
Бір үйдің мен тұңғышымын.
Сайыста мен ән салайын,
Би билеймін, кідірмеймін.
Мені сүйген жүректердің,
Лүпілінен айналайын.

Өнердің ашып есігін,
Шешендік сөзбен көсілдім.
Таныстырсам өзімді,
Мен Юрьи қызымын,
Арина менің есімім.
Әнде айта аламын,
Би де билей аламын.
Өзім жап - жас болсам да,
Таудай үлкен боламын.
Армысың өнер сүйген халқым менің,
Алдымен амандасу салтым менің.
Бір қызың мен боламын Гүлназ атты,
Қазағымның сақтаған салт - дәстүрін.
Келдік, міне бүгін біз ортаңызға,
Өнерде үлкендерден үлгі алуға.
Саламыз бар өнерді осы ортаға,
Береді, әділ қазы, әділ баға.

Әке - шешем мақтаған,
Сайыс десе жайнаймын.
Тоты құстай – құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.
Бөдес болады руым,
Ізімханның қызымын.
Өнерімді көріңдер,
Көріп баға беріңдер.

Жүргізуші: Қазақта өнерімнің қолы алтын, өлеңімнің сөзі алтын, - деген сөзі бар. Олай болса сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.
2. Сайыс: Қыздарымыздың қолөнері дайын болғанша кезекті өнерге береміз. Балаларымыз тақпақтарын айтып береді.
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Үн қатасың бал тілменен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын Анашым,
Сегізінші наурызбен!.

Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Менің мамам мұғалім,
Бізге сабақ береді,
Балалардың бәріде,
Оны жақсы көреді.

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай» сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен - кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.

Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды Аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Жүргізуші: Әділ - қазылар алқасына сөз береміз. 1 – 2 сайыс бағасын көрсету.

3. Сайыс: Ата - салтқа байланысты сұрақ - жауаптар.
Жүргізуші: Ал, арулар сұраққа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі талай сын бар.
Тапсыр ма ал, сан қилы, сан алуан,
Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар. – деп кезекті сұрақ - жауап бөліміне береміз.
1 - сұрақ
- Жеті байлыққа не жатады?
Әуелі байлық - денсаулық,
Екінші байлық - еркіндік,
Үшінші байлық – тіл байлық,
Төртінші байлық – қайрат күш,
Бесінші байлық – ақ жаулық,
Алтыншы байлық -,
Жетінші байлық – жүз саулық.
2 - сұрақ - Бес парызға не жатады?
1. Иман.
2. Намаз оқу.
3. Зекет, садақа беру.
4. Ораза ұстау.
5. Қажылыққа бару.
3 - сұрақ
- Үш мақсатты ата.
1. Жол мақсаты - жету.
2. Дау мақсаты - біту.
3. Сауда мақсаты – ұту.
4 - сұрақ - Қонақ түрлерін білесіз бе?
1. Арнайы қонақ.
2. Құдайы қонақ.
3. Қыдырма қонақ.
4. Қылқима қонақ.
5 - сұрақ
- Үш арсызға не жатады?
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.

4. Сайыс: Үй тапсырмасы (тамақ дайындау, дайындауын түсіндіріп айту).
Жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. 3 - 4- сайыстың бағасын беріңіздер.
Балаларымыз Аналарымызға арнап тақпақтарын айтып береді.

Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сылаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.

Аналарды сыйлаймыз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.

Сенен өскен балалар,
Бақыттылар даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже, аналар!

Аналарды сүйеміз,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.

Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Құтты болсын мерекең,
Айналайын әжетай.
Айтқызбай - ақ ойымды,
Тек қана сен сезесің.
5. Сайыс: Жұмбақтар шешу.

1. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)

2. Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)

3. Миы жоқ, есі бар,
Жұмбағымды шешіп ал.
(Компютер)

4. Түсі қардай, дәмі балдай,
Таба қойшы, дәм бұл қандай.
(Балмұздақ)
5. Әндетіп маза бермейді,
Көтермей жағы сөнбейді.
(Қалта телефоны)

6. Сайыс: Би билеу.
1. – «Шығыс» биі.
2. – «Сыған» биі.
3. – «Қазақ» биі.
4. – «Барыня» биі.
5. – «Аққу» биі.
7. Сайыс: Ән айту.
1. – «Ән айтамыз анаға» жеке ән.
2. – «Әжетайым» жеке орындауда.
3. – «Ана өмірі» жеке ән.
4. – «Кір қуыршақ» жеке ән.
5. – «Ақ мамам» жеке ән.
Жүргізуші: 5 – 6 – 7 сайысқа әділқазылар алқасы өз бағасын беруді дайындағанша біздің балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған,
Айналайын Ақ мамам.

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген аялаған.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Бізді өсірген апатайым,
Еңбегіңде зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.

«Айналайын» дегені,
Жанға рахат береді.
Көңіліңді табады,
Әнді қалай салады.

Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл Анам мерекең.
Құтты болсын, теңдік алған,
Қуанышты мерекең.

Ән орындалады: «Туған жер.
Жүргізуші:
Жүзден – жүйрік,
Мыңнан – тұлпар. демекші сайыстың соңғы бөліміне де келіп жеттік.

8. Сайыс: «Кешкі киім – сән үлгісін» тамашалаңыздар.
Қос етекті қыздар қандай сырғалы?
Бешпент киген жігіттерім тұлғалы.
Жібек пенен Баяндайын көрікті,
Сұлтандар - ай шекпен киген сырмалы.
Толған айдай толып тұрған кемелі,
«Қыз Жібектей» арта берсін беделі.
Барша жұртқа үлгі болсын демекпіз,
Қазағымның салт - дәстүрі, өнері.

Жүргізуші: Әділ - қазылардың қорытындысын тыңдаймыз.
Марапаттау.
9 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қыз өссе – елдің көркі
Қыз өссе – елдің көркі
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Қыз өссе-елдің көркі (ертеңгілік)
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД Сүлейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×