Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтар әлемінде

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: тіл дамыту
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»
Мақсаты:
Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын.
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту. талдау. әдемілікке тәрбиелеу
Билингвальдық құрауыш: Ойыншықтар әлемінде, доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар.
Керекті материалдар: ойыншықтар:

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті

Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
- Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын. Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
Тосын сәт:
Ән әуенмен күлдірген топқа кіріп балалармен амандасады. Балалар мен сендердің ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Менің сендерге тапсырмаларым бар, егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сиқырлы таяғыммен сендердің тілектеріңді орындаймын. Ал ендеше тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар сендердің алдарында үш арал жатыр. Мына ойыншықтарды сол аралдарға орналастырамыз. Бүл аралдар жәй аралдар емес, сиқырлы аралдар. Осы аралдан басқа ортада көп ойыншықтар бар, олар өз аралдарын таба алмай жүр екен, сендер осы ойыншықтарды сапалары бойынша әр аралға орналастырасыңдар
1 - Матадан жасалған
2 - пластмассадан
3 - Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
Өте жақсы балалар сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз аралдарын тапты.
Күлдірген: Балалар қандай керемет сендер барлық ойыншықтарды өз аралдарына орналастырдыңдар.
Балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендермен ойын алып келдім,
Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.
- Балалар, «ойыншық» деген сөз қандай әріптен басталады.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ал қуыршақ ше?
- «К» әрпінен басталады.
- Доп деген «Д» - әрпінен басталады. Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар, енді сергіту жаттығуларын жасаймыз.
Жел уледі: у - у - у
Құйын келіп биледі зу - зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах.
Билеп кетті қалтырап пах - пах.

Ұйымдық - іздену Балалар мен сендерге сиқыр көрсетейін бе? Беті жабулы ойыншықтарды сиқырлы таяғымен түртіп, ойыншықтардың бетін ашып жібереді. Балалар бұл ойыншықтарға мен тіл бітірдім, олар енді сөйлейтін болды.

Рефлекстік түзету
Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтарды,
Түсінуге тиіс: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Істей білуі керек: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды
74 034
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын айтуды үйрету. Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айта білуге дағдыландыру.
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Ойыншықтар әні
Ойыншықтар әні
Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Ойыншықтар
Ойыншықтар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×