Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анам менің - қуанышым

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Анам менің – қуанышым.
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі келіп жеткенін сезіне білуге және осы көктем мезгілімен бірге келген аналар мерекесін сезіндіру. Анаға деген құрметтерін арттыру
Барысы: Бөлме ертеңгілікке сай безендірілген. Күн күркіреп, жаңбыр жауып, кемпірқосақ шығады. Осы кезде топ қыздар билеп, ұлдар қолшатыр сыйлап бірге би - билейді. Жарты шеңбер болып тұрады.
Нұрболат: Аяулы аналар, әзиз әжелер, ардақты апайлар қызғалдақ қыздар. Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз.

1 - жүргізуші Айдос: Па, шіркін! Табиғаттың кереметін - ай, жан - жағыма қарасам, сайраған бұлбұл, сыбдыр қаққан жапырақтар.
2 - жүргізуші Анель: Әрине бұл көктем мезгілі ғой.
3 - жүргізуші Нұрбақыт: Қарашы – қарашы, көбелектер әсем көйлектерін киіп, гүлдерге қонаққа баруда. (Осы кезде төбеден көбелектер жерге түседі.)

Жеке ән: «Гүлдер – ай» Бағнұр.
Айдос: Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар.

Нұрбақыт: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміз басталмай жатып – ақ, жігіттеріміз өздерінің сыйлықтарын қыздарға сыйлап үлгерді.
Айдос: Нұрбақыт қалай ойлайсын біздің қолшатырымыз қыздарға ұнады ма екен?
Нұрбақыт: Білмеймін, оны Анельден сұрап көрейік. Анель сендерге біздің сыйлығымыз ұнады ма?
Анель: Әрине ұнады, өте әдемі екен, рахмет сендерге.
Айдос: Ендеше, кешімізді Бағым апай өзіңіздің жылы сөзіңізден бастасақ.
Лебізіңізге рахмет апай.

Хор: «Көктем»
Нұрбақыт: Айдос, аналарымызға арналған тақпақтарға кезек берсек қалай болады.
Айдос: Әрине Нұрбақыт, аналарымыз, әжелеріміз туралы тақпақтар тыңдайық.
Іңкар: Айналайын анашым – ілемдегі жан асыл,
Болса маған не керек бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым – асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.
Бексұлтан: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға.
Арай: Көктем келді қуантып,
Күн шуағы нұрланды.
Аналарға келеміз,
Құшақ – құшақ гүл алып.
Аяжан: Жүре берсем қасыңда,
Айбат анам, ай анам.
Ботам деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Айналайын ақ мамам.
Айжан: Айналайын ана, мерекеңмен!
Сыйлайыншы саған, дала гүлін мен.
Мерекелі күнің, қандай тамаша!
Кеудеңдегі гүлің, қалды жараса.
Гүлсезім: Мен әжемді сүйемін.
Киімді өзім киемін.
Ақылыңа көнемін,
Өлең айтып беремін.
Ойнап келсем, «күнім» деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.
Ерсұлтан: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.

Қ. Анель: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сендей болса бар кісі,
Шексіз перзент алғысы.
Асылжан: Менің әжем ақ әжем,
Менің әжем – жыр әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Шуағы мол – нұр әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Ақ орамалды тағып ап,
Айтып берер тағы әжем.
Аман – есен жүр әжем.

Қасым. Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым.
Сегізінші мартыңмен.
Мерей: Қадірлі аналар көңілді,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа, шаттық ұлассын.

Дина: Шуақпа еді, самал ма еді, нұр ма өпкен.
Ғажап еді, ғажап еді бұл көктем.
Құтты болсын, мерекелі гүл көктем,
Құтты болсын аналардың мейрамы.
Дәурен: Анам менің асқар тауым,
Бал бұлағы жайнаған.
Анам менің қуанышым,
Жадыраған жайлы адам.

Арманай: Анам – жұмбақ, мен – шуақ, саябағы.
Анам – шырақ, мен – сұрақ санадағы.
Анам – теңіз, мен – қайық, тербетілген.
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Маслихат. Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен.

Анель: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған – бұл кім?
Балалар: Ол біздің анамыз.
Анель: Әрине ол біздің анамыз, ендеше Дәуреннің орындауында «Апатайым»
әнін қабыл алыңыздар.
Нұрбақыт: Айтқан тілді аламыз,
Жалындап оттай жанамыз.
Мерекеде бүгінгі,
Би билеп, ән саламыз.

Би: Вальс.
Анель: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз блам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Хор: « Ана деп ән салам»
Нұрбақыт: Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Жеке ән: «Аяулы анашым» Нұрболат.
Нұрбақыт: Анель мен өлең шығардым.
Анель: Айтшы қане.
Нұрбақыт: Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Би – билейміз....... ұмытып қалдым.
Анель: Таптым, таптым
Екеуі бірге: Би билейміз дөңгелеп,

Би: «Барбарики»
Анел: Түсірмес өмір салмағын,
Жақсы өсіру арманың.
Апайым асыл ардағым,
Өзіңе әнді арнадым.
Жеке ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» Н. Анель.
Ата – аналармен ойын.
Айдос: Ана тіршіліктің тұтқасы, шаңырақтың шаттығы екенін бәріміз білеміз, ендігі орындалар ән аналар сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Хор: « Жан анам»
Жүргізушілер бірге: Келесі кездескенше, жүректеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын, қош сау болыңыздар.
8 965
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Анама арнап ән саламын!
Анама арнап ән саламын!
Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің берекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Тақырыбы: Аялайық ананы
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақша тәрбиешісі Сарыбаева Сағыныш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×