Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шырша жасауды үйренгім келеді

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Экология.
Тақырыбы: Үйренгім келеді.

Мақсаты: Балалардың экологиялық сана - сезімінің негізін, табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қарым - қатынасын қалыптастыру.
Қоршаған ортада, отбасында кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Күнделікті отбасы тәрбиесінде балалардың еңбек түрлеріне қатысуын, еңбекте белсенділік танытуын қамтамасыз ету, іс - әрекетін әңгімелей білуін, қызығушылықтарын тәрбиелеуді жалғастыру.
Белсенділікті, еңбек тапсырмаларын орындауға деген ынта-жігерін, іскерліктерін қалыптастыру.
Еңбек ісіне деген ұқыпты көзқарастарын, өз еңбегінің маңыздылығын сезіну сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Психотренинг, ой қозғау, бейнеролик, жұмбақ, әңгімелесу, қол еңбегі, түсіндіру, жеке жұмыс, сергіту, логикалық ойын, ой - пікірі, көңіл - күйді білдіру.
Көрнекі құралдар: теледидар экраны, шырша суреті, түрлі – түсті түтікшелер, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын – ала дайындалған ағаштар, смайликтер, салфеткалар.
Салалық байланыс: Қатынас, шығармашылық.
Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Жарамсыз заттардан көрме ұйымдастыру, түтікшелерді қиып дайындау.
Сөздік жұмыс: қылқан жапырақ, созылмалы иілгіш.

Мотивациялық қозғаушы.
Психотреннинг.
«Тілек шеңбері» Бүгінгі күніміз көңілді болсын.
Бүгінгі күніміз қызықты өтсін т. б
Іздену ұйымдастырушы
Теледидар қосылады. Бейнеролик, «Үйренгім келеді»
Балалардың отбасындағы ата – аналарымен бірге еңбек әрекеті көрсетіледі....
Балалар теледидардан нені тамашалап, кімдерді көрдіңдер?
Қалай түсінесіңдер?
Балалар өз жауаптарын айтады. Көргендерін баяндайды.
3 - 4 баланың жауаптары.
- Балалар сендер нені үйренгілерің келеді?
Алтын күз мерекесінде жарамсыз заттардан, қалтқыдан, моншақтардан, алтын жапырақ жасап едік, соны үйретемін.
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Ол не?(шырша)
Шырша суреті тақтаға ілінеді.
Бұл шырша. Шыршаның түсі жасыл. Шырша қылқан жапырақты ағаш. Шырша таулы аймақтарда, орманды үлкен қалаларда өседі. Шыршалар биік, орташа, аласа болады. Жылдың төрт мезгілінде де өседі. Шыршаларды кесуге болмайды. Олар ауамызды тазартып, табиғатымызға көрік беріп тұрады.
- Балалар сендер шырша туралы не білесіңдер?
- Бүгін жаңа жылдағы шыршамызды есімізге түсіре отырып, жарамсыз зат – түтікшеден өз қиялымыздағы ғажайып шыршаны жасауды үйренеміз.
(Түтікшеден шырша жасауды көрсету)
Алдын – ала ағаштан дайындалған шыршаның діңі, оның сырты ермексазбен жабыстырылған.
Ағаштың түбін, картоннан жасалған тұғыры ермексаз арқылы мықтап бекітілген.
Балалар мынау не?
Түтікшелер.
Бұл неге қажет?
Сусын, сүт, компот, айран т. б ішеміз
Түтікшелердің түсі әр түрлі, жасыл түсін 3 бөлікке бөліп қиып аламыз. Ұзындау, орташа, кіші бөлігі. Шыршаның төменгі жапырағы ұзындау болады. Сондықтан ұзындау бөлігін түтікшемен діңге мықты етіп орналастырамыз. Діңнің ортасына орташа түтікшелерді енгіземіз. Діңнің жоғарғы бөлігіне түтікшенің кіші бөлігін орналастырамыз. Шыршаның Жапырақтары жайқалып тұруы үшін, түтікшелерді ыңғайына қарай иеміз.
Ең жоғарғы жағына яғни төбесіне шырша жарқырап тұруы үшін, түтікшеден жұлдызша жасаймыз. Шыршаны түрлі – түсті түтікшенің созылмалы иілгіш жағымен әртүрлі
ойыншықтар жасап, безендіруге болады. Мен ескі жыл – ұлуды және жаңа жыл – жыланмен безендіргім келеді. Міне, керемет тамаша шырша пайда болды.

Сергіту сәті:
Бүгінгі іс - әрекетімізге кірісейік. Іске сәт балалар!
(Балалар жұмысын бақылау)
Логикалық ойын: «Ойлы болсаң тауып көр»
Шарты: Бір бала шығып, үстел үстінде жасырылған суреттердің біреуін алып, ненің суреті екенін өзі көреді де, қалған балаларға суреттегі көргенін сипаттап, жұмбақтап, қимыл – қозғалыспен айтады.
(6 - 8 баламен ойналады)
- Балалар, сендерге бүгінгі күннің тапсырмасы ұнады ма?
Қиын болды ма?
Қызық болды ма?
Жарамсыз зат түтікшеден жасалған шыршамыз қандай әдемі болған. Қане кімге қандай шырша ұнады екен?
«Көңілсіз іс - өнімсіз» дейді. Міне, көңілді еңбектеніп, жарамсыз заттан, яғни түтікшелерден тамаша шырша жасауды үйрендік. Ол үшін еңбек ету керек, еңбексіз ешнәрсе бітпейді екен.
Ал балалар сендер еңбек туралы не айтар едіңдер?
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен
Көз қорқақ, қол батыр.
Еңбек етте мақтан,
Ойнап күл де шаттан.
Балалар бүгінгі күн іс - әрекетіміз кімге қалай болды екен, сол көңіл – күйімізді мына смайликтер арқылы білдірейік
Смайликтермен көңіл – күйлерін білдіреді
Тобымыздағы шарларда бүгін күліп, көңілденіп тұр екен осы көңілді шарларды мен сендерге сыйлайын. Барлық балаларға шар беріледі.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар іс - әрекетті жеке таңда да өз мүмкіндіктерін алуды біледі.
Меңгеруі: Жарамсыз зат түтікшеден іс - әрекетке қажетті затты(шырша) жасау тәсілдерін толық меңгереді.
Жасай алуы: Бүгінгі күндегі, іс - әрекеттегі өз көңіл - күйін бағалай алуы.
13 835
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры
Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры
Мәтіннің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу, балалар жазушысы М. Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру. Шырша жырын әуенімен айтуға жаттығу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыта отырып, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Біреу және көп
Біреу және көп
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы тәрбиеші Шахметова Анар
Менің отбасым
Менің отбасым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі Душанова Айгүл
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×