Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Ұ. О. І. Ә - нің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандықтың бәрі керек
Ұ. О. І. Ә – нің мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеуге сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге үйрету. Мамандық иелері туралы суреттер алынады.
Ұ. О. І. Ә - нің барысы:
Сәлемдесу.
- балалар, қазір мен сендерге сыйқырлы суреттер таратамын. Арт жағында 3 түрлі сурет бар. Күлкі - жымиямыз, жүрек - құшақтаймыз, алақан - амандасамыз. Балалар орындайды.
- Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті амандасып алайық
Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін

Ұйымдастыру кезеңі
- балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Кәне шешеміз бе?
1. Астында жүйрігі,
қолында құрығы (жылқышы)
2. Қалықтайды, бірақ ұшпайды (биші)
3. Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады (шаштараз)
4. Кірпіштен сарай салады (құрылысшы)
Барлық жұмбақты да өте жақсы шештіңдер ал олай болса бүгінгі Ұ. О. І. Ә - дің тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандықтың бәрі керек». Әр мамандыққа тоқталамын.
Ол үшін мамандықтың түрлеріне айтатын тақпақтарымызды айтамыз. Мамандық түрлерімен танысамыз.

Мысалы: Ауруханаға бару, дәрігерге көрінеміз, дене қызуын өлшейміз, өкпемізді тексертеміз.
Ал, аспазшы мамандығына келетін болсақ, тағамды дәмді әрі сүйкімді пісіру аспазшы міндеті. Міне біз қанша мамандық түрлерімен таныстық. Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

Сергіту сәтін жасаймыз.
Қане балдар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
біз тынығып алайық
- Балалар кәне тынығып алсақ «Кім тез?» ойынын ойнап жіберейік

Мына жерде екі түрлі мамандық иелерінің қажет құралдары шашылып қалған кәне кім екеуінің құралдарын айырып жинап береді.(тапсырма орындалады) балалар өте жақсы меңгерген екенсіңдер. Жарайсыңдар! Олай болса мына суретке қарап әңгіме құра кәне, кім шығады?
Тышқанның тапсырмасы: «бос себетті толтыр»
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекетін сұрақ - жауап арқылы бекітемін
Барлық тапсырма орындалғаннан кейін мысық рахмет айтады
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қуанышты хабарлама арқылы таратамын
15 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемнің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)
Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? (авторы М. Хакімжанова)
Балаларға мамандықтың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғаммен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау, және
Мамандықтың бәрі жақсы!
Мамандықтың бәрі жақсы!
Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту,
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе қаласы, №53 ОМ МАДТ тәрбиешісі Қабдолова Г. Б.
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×