Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


И, й, у әріптерінің жазылуы

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «И, й, у әріптерінің жазылуы»
Сабақтың мақсаты: 1. 2 - сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жіңішке айтылуының себептерін анықтау;
2. Оқушылардың сауаттылығын, сөйлеу мәнерін дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке, бірін - бірі әділ бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Семантикалық карта» стратегиялары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: сызбалар, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
• Қызығушылықты ояту
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Оқушылар санына сәйкес дауысты (жуан, жіңішке) дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) кеспе әріптер үстелдің үстіне теріс қаратылып жайылып қойылады.

ІІ Қайталау
Әр оқушы бір әріптен алып өзіне тиісті орынға барып отырады. Оқушылар дыбыстардың түрлеріне қарай бөлініп отырады. Тақырыптар бойынша өткен материалдар қайталанады
1 - топ. Жуан дауысты дыбыстар. Қолдарындағы әріптерді қатыстыра отырып, жуан айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жуан айтылу себебін түсіндіреді.
2 - топ. Жіңішке дауысты дыбыстар. Осы дыбыстарды қатыстырып жіңішке айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жіңішке айтылу себебін түсіндіреді.
3 - топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар. Бұл топ бірнеше сөз тауып жазып, олардың ішіндегі қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды. Олардың қатаң деп айтылу себебін түсіндіреді.
4 - топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар. Бұл топтағылар да мысалға келтірген сөздердегі ұяң дыбыстарды атайды.
5 - топ. Үнді дауыссыз дыбыстар. Мысалға келтірген сөздердегі үнді дыбыстарды атайды.
Мұғалім осы дыбыстардың ішінен и, й, у дыбыстарына жеке тоқталып, осы дыбыстардың ерекшеліктері бойынша 2 - сыныпта өткендерін айтып, оқығандарын еске түсіреді. Топтарға төмендегі тапсырмалар беріледі.

1 - топқа тапсырма.
И және й әріптері бар сөздер.
Бағандарды салыстырып, айырмашылықтарын табу:
киін - кейін ---------------- қима - қайық
тиме - түйме -------------- сиыр - сойыл
биле - бейне --------------- жина - жайна
Оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс. Й әрпі - дауыссыз, ол тек дауысты дыбыстан кейін жазылады. И, й дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуына байланысты. И - буын құрайды, й - буын құрамайды. Егер оқушылар толық қорытынды жасай алмаса, мұғалім жетекші сұрақтар қояды.
2 - топқа тапсырма.
Й әрпі дауысты дыбыстан кейін жазылады дейді, дегенмен й әрпінен басталып жазылатын сөздер бар ма? Йод, йогурт, Йемен сөздерін мысалға келтіріп, олардың шет тілдерінен енгенін түсіндіріп кетуге болады.
И мен й дыбысының ерекшелігін түсіну үшін келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.
Жазылуы ----- Айтылуы
Биыл ---------- быйыл
Киім ----------...
Оқиды --------...
Жиын ---------...
Оқушылардың қорытындысы: и дыбысының алдында ы мен і дыбысы айтылады, бірақ жазылмайды.

3 - топқа тапсырма.
Сый, тый сөздерінен қандай сөздер тарайды? Бұл сөздер қандай ережеге бағынбайды? Бірнеше сөз жазыңдар.
Сыйла ------- тыйылды
сый ----------- тый
... ---------------...
... ---------------...

4 - топқа тапсырма.
Келесі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.
Жазылуы ---------- Айтылуы
жу --------------- жұу
келу ------------ келіу
тасу -------------...
желпу -----------...
уәде -------------...
уақыт -----------...
Оқушылар мынадай қорытынды шығаруы керек: у дыбысы көбінесе дауыссыз дыбыстан кейін келеді. Ол сөздің жуан, не жіңішке болуына байланысты - ыу, іу болып айтылады.

5 - топқа тапсырма.
Мына сөздерді буынға бөл. У дыбысының дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықта.
Уыз --------- астау ---------- Уақыт
Ауыз ------- қыстау -------- Умаждады
Қауын ------ жусан --------- Уілдеу

Оқушылардың қорытындысы: у дыбысы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауысты дыбыс болады.
• Әр топ өз мысалдарын келтіреді.
• Мағынаны тану кезеңі

ІІІ Бекіту
1 - жаттығуды орындағаннан кейін, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыртуға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды. Содан кейін топ мүшелері бірін - бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.
И ----- 1. Дауысты дыбыс
2. Дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.
3. Сөздің басында көп кездеседі.
4. Буын құрайды.
5. Айтылуында и дыбысының алдында - ы, - і дыбысы естілгенімен, жазылмайды.
б. Тек тый, сый сөздерінде ы әрпі жазылады.

Й ----- 1. Дауыссыз дыбыс
2. Әріптік таңбасы бар.
З. Сөздердің ішінде кездеседі.
4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.
5. Дауысты дыбыстан кейін жазылады.
6. Шет тілдер енген сөздердің ғана басында келеді.
7. Буын құрамайды.

Содан соң 2 - жаттығу орындалады. Тый, сый сөздерінен таралған сөздерді қай топ көбірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастырылады.
• «Топтастыру» стратегиясы
Сый. Тый

3, 4 - жаттығуды орындау арқылы оқушылар у дыбысының дауысты, дауыссыз және кейде жуан, кейде жіңішке болу себептерін анықтайды. Берілген сөздерге у әрпін жалғау арқылы ы, і дыбыстарының түсіп қалатынына көздерін жеткізеді.
5 - жаттығу арқылы балалар й әрпі сөз басында келетін шет тілінен енген сөздермен танысады, оларды дұрыс жазып үйренеді.
• «Ой толғаныс»
• Семантикалық картамен жұмыс («+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады)
ІҮ Бағалау
Топты бағалау. Оқушыларды жеке бағалау.
Ү Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
И, й әріптерінің жазылуы.
И, й әріптерінің жазылуы.
Й, и, у әріптерінің емлелік ережесін еске түсіреді, сөздерде дұрыс жазуын үйренеді.
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Астана қаласы №64 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Тулепбергенова Гульмира Амановна
И, Й әріптерінің жазылуы
И, Й әріптерінің жазылуы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калянурова Карлыгаш Кайржановна
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Я, Ю әріптерінің жазылуы. Буын
Я, Ю әріптерінің жазылуы. Буын
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің мектепалды даярлық тобының Сатыгалиева Акмарал Темирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×