Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин "Өзен"

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзен.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді түсініп оқуын ұйымдастыру, өзен туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ой - өрісін, тілін дамыта отырып, өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын таңдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа үйрету, шығармашылық қабілетін, танымдық ой -өрісін арттыра отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, түсіндірме, көрнекілік, ребус шешу, топтық жұмыс, СТО технологиясы.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, суретті плакат, интерактивті тақта, слайд, Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Тарауға кіріспе.
1 - топ― Табиғатқа не жатады?
2 - топ ― Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл - күй туғызады?
3 - топ ―Таза ауа, мөлдір судың қандай пайдасы бар?
4 - топ —«Табиғат және адам» деген тақырыпқа әңгіме жазу.
Ребус шешу. (шешуі: өзен)

ІІІ. Мағынаны тану.
а) - Өзен дегеніміз не? (Дүниетану пәнінен алған білімдерін еске түсіру)
- Өзеннің сағасы, саласы, арнасы туралы не білеміз?
- Бүгін Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз?
ә) Ассоциация құру. Ыбырай туралы не білеміз?
б) Өлеңді мәнерлеп оқу. ( Слайдпен көрсету)
в) Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс: картадан көрсете отырып, ірі өзендер туралы түсінік беру

Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
Қазақстандағы ірі 7 өзен, олардың ішінде өзіміз тұратын Атырау қаласын қақ жарып ағып жатқан Жайық өзені туралы мағұлмат беру. Жайық туралы жыр да көп, ән де көп. Махамбетпен мұңдас болған, Исатаймен сырлас болған, Қыз Жібектің көшін көрген Ақ Жайық, баба Жайық, дана Жайық. Жайықтың жалпы ұзындығы 2428 шақырым, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 шақырым. Жайық Каспий теңізіне құяды.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс
а) оқушылардың оқуы.
ә) сөздік жұмысы
Ү. Ой толғау.
1 - топ Өзеннің қандай пайдасы бар?
2 - топ Қазақстанда қандай өзендер бар? Ата.
3 - топ 3 - сыныпта Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын оқыдыңдар? Бұтақтарға жаз.
4 - топ Өзеннің суретін сал.
ҮІ. Сергіту сәті. Қызықты мәлімет
Әлемдегі ең ұзын өзен – Мысырдағы Ніл өзен. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 м. Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.

ҮІІ. Ұжымдық жұмыс.
Жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Бірақ су тапшы. Неліктен? Судың ластануына не себеп? Суды қорғау үшін не істеу керек?
ҮІІІ. Сабақты қорыту. Бес жол өлең.
Өзен.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма: «Өзен» өлеңін жаттау. Жайық туралы жазылған өлеңдер жаттау.
5 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзен мен көл
Өзен мен көл
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медетбаева Алтынкуль Мыктыбаевна
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Саурбаева Жибек Танатаровна
Ы.Алтынсарин «Өзен»
Ы.Алтынсарин «Өзен»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
«Өзен» Ыбырай Алтынсарин
«Өзен» Ыбырай Алтынсарин
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ногаева Жанарай Қонарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×