Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Сандардың нумерациясы
2. 3-ті қосу және азайту
3. 7-ге көбейту және бөлу


Сабақтың тақырыбы: 7 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Санды 7 - ге және бөлу кестесімен таныстыру, 7 - ге көбейту кестесін шығарып алу және оған сәйкес 7 - ге бөлу кестесінің де мән -
мағынасын көрсету, есептердің шығу жолдарын үйрету арқылы олардың танымдық қабілетін, зейіндерін, белсенділігін дамыту, ауызша көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастырумен бірге тапқырлыққа, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге.
Дербестікке, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көбейту кестесі, карточкалар, киіз үйлер, Жеті ата ауылы.
Әдісі: ойландыру, сұрақ - жауап, өрнек құру, ой шақыру, тест, математикалық
диктант, кроссворд.
Түрі: саяхат сабақ.
Типі: жаңа білім меңгерту.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
1, 2, 3 Сынып іші тып - тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Балалар бүгін біз сабақты мынадай ұранмен жұмыс істейміз:
«Білім ал да, еңбек ет,
Дем ал, досқа бер көмек.
Отанды сүй, адал бол,
Өнегелі адам бол!»
Бүгін біз сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. 7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі.
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» дегендей, сабағымызды жеті атаға саяхат түрінде өткіземіз. Жеті сандарының мағынасы. Жеті «Жұт». 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті «Жоқ» 1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Тасбақада талақ жоқ. 4. Аллада бауыр жоқ. 5. Жылқыда өт жоқ. 6. Таста тамыр жоқ. 7. Құста сүт жоқ.
Жеті «Қазына» 1. ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Ит (жүйрік тазы).
АТА ӘКЕ БАЛА НЕМЕРЕ ШӨБЕРЕ ШӨПШЕК НЕМЕНЕ
ауылына ауылы ауылы ауылы ауылы ауылы ауылы ауылы саяхат
Үй тапсырмасын сұрау. 6 - ға көбейту кестесін жатқа сұрау.
Математикалық диктант.
6х1=6,
6х4=24,
6х3=18,
36: 6=6
48: 6=8
18: 6=3
Математикалық тест.
2х3+6/11, 5, 12------------- 3х3+9/13, 18, 0---------------- 12: 6+10/5, 4, 12
5х3+5/10, 9, 20 -------------6х3+2/0, 41, 20---------------- 10: 2+20/13, 25, 41
4х4+420, 35, 16 -------------20: 4+6/10, 21, 11 --------------20: 10+30/0, 32, 40
Сұрақ - жауап арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.
1. Қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болады.
2. Жұп сандар. (2ге қалдықсыз бөлінетін сандар). 3. Тақ сандар (2 - ге бөлгенде нәтижеде қалдық шығатын сандар)
3. Көбейтуге не арқылы тексеруге болады? (Көбейтуді бөлу арқылы тексеру)
4. Бөлуді не арқылы тексеруге болады? (Бөлуді көбейту арқылы тексеру)

5. Бөлу мен көбейту – өзара кері амалдар.
6. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
7. Бір заттың массасын табу үшін, жалпы массаны заттар санына бөлу керек.
8. Заттар санын табу үшін, жалпы массаны бір заттың массасына бөлу керек.
9. Жақшасы бар өрнектерде (Алдымен жақша ішіндегі амал орындалады)
10. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
11. Заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
12. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
13. Санның жартысын (екіден бір бөлігін) табу үшін, санды 2 - ге бөлу керек.
14. Санның бестен бір бөлігін табу үшін, санды 5 - ке бөлу керек.

Жаңа тақырып
1. Видеопроектормен суреттер көрсете отырып, 7 - ге көбейту және бөлу кестесімен таныстыру.
7*6=7+7+7+7+7+7
7*7=7+7+7+7+7+7+7
7*8=7+7+7+7+7+7+7+7
7*9=7+7+7+7+7+7+7+7+7
7*7=49
7*8=56
7*9=63
8*7=7*8
9*7=7*9
Алдымен теңдіктің оң жағы мен сол жағын салыстырайық: Оң жағында көбейтінді, сол жағында қосынды. Әрбір өрнектің мәні жетіге артып отыр, себебі 7 бірлікке артты. Бізге осы тәсіл тиімді ме? – Тиімсіз, ұзақ есеп.-
Ендеше біз «Бірдей қосылғыштарды көбейтіндімен алмастыруға болады»
2. 7*2=14 ------------- 14: 7=2 Көбейтуге бөлу өзара кері амал.
7*3=21 ---------------- 21: 7=3
7*4=28 ---------------- 28: 7=4
7*5=35 ---------------- 35: 7=5
7*6=42 ---------------- 42: 7=6
7*7=49 ---------------- 49: 7=7
7*8=56 ---------------- 56: 7=8
7*9=63 ---------------- 63: 7=9
1. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Оқулықпен жұмыс. 5. Бос орынға тиісті санды қой.
7*7=49
63: 7=9
49: 7=7
8*7=56
7*9=56
63: 9=7
6. Теңдеулер құр және оларды шеш: а) х+253= 609 ә) 63: х=9

Сергіту сәті:
7. Тиісті санды орнына қой:
2*7* 2=6+ 2
56: 7=4*2
5*9+18=9*7
8. А) Өрік - 35 --------- Ш: 35: 7=5 49: 7=7 7 - 5=2
Шие - 49 ---------------- Ж: өріктер шиелерден 2 - ге кем.
7т - тең бөлініп салынды.
1т - гі өріктер шиелерден қанша кем?
Ә) 7б - 3кг ------------- Ш: 7*3=21 6*2=12 ------- 12+21=33
6б - 2кг ---------------- Ж: Барлығы ---------------- 33 кг тосап дайындалды.
Б -?
9. Тапсырма ауызша. Қайсысы көбірек ауданды былғады?

«Логикалық есептер» Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар. Жауабы: 7 қызыл шар.
10. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
8: 7=1қ1 ---------- 7*1+1=8 ------------9: 7=1қ2 ------------ 7*1+2=9 ----------- 10: 7=1қ3
15: 7 =2қ1 -------- 7*2+1=15 --------- 16: 7=2қ2 ----------- 7*2+2=16 ---------- 7*1+3=10
17: 7=2қ3 --------- 7*2+3=17 --------- 11: 7=1қ4 ----------- 7*1+4=11
18: 7=2қ4 --------- 7*2+4=18 --------- 12: 7*1қ5 ----------- 7*1+5=12 ----------- 20: 7=2қ6
19: 7=2қ5 --------- 7*2+5=19-----------13: 7*1қ6 ----------- 7*1+6=13 ----------- 7*2+6=20 Математикалық кроссворд шешу:
- Ал, балалар, бүгінгі сабақта біз нені білдік? - ауызша, жазбаша есептерді салыстырдық, кроссворд шештік, жұмбақ есептер шығардық. Қай санның көбейту кестесімен және бөлу кестесімен таныстық?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Домаева Шахизада Абдикаримовна
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 61 орта мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Алмағамбетова Райхан Абжамиевна
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×