Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ бидай (Epтeгici)

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ақ бидай (Epтeгici)
Сабақтың мақсаты және тәрбиелік мәні: Балаларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелей отырып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйретеді.

Дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмалар. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру. Интеллектуалдылығын арттыру. Өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

Сабақтың жүру барысы: Жиын.
- Оқушылар үй тапсырмасын еске түcipiп, өздерінің дайындаған жұмыстарын ортаға салады.
- Ғылым, оқу - білім туралы кітапшасын тапсырады.
- Оқу - білім туралы мақал - мәтелдер айтылады. Мақал - мәтелдер сайысы өтеді.
- Ойын.
Матадан тігілген дорбаға бидайды салып, оқушыларға ұсынады.
Оқушылармен сұрақ - жауап жұмысын жүргізеді:
Дорбаның ішінде не бар екен?
- Жеуге жарай ма?
- Иә.
- Адам өміріне пайдалы ма?
- Иә.
- Арпа ма?
- Жоқ.
- Бидай ма?
- Иә.
Мұғалім: Ендеше, балалар, біз бүгін “Ақ бидай” ертегісімен танысамыз.
Таңертеңгілік жиында мұғалім ертегіні мәнерлеп оқып береді. Оқушылар түсініксіз сөздерді “Түртіп алу” жүйесі бойынша белгілеп отырады.
Eртeгi оқылып болғаннан кейін сөздік жұмысы жүргізіледі. Ертегінің мазмұны талданады.
Оқушылар орталықтарға бөлініп жұмыс істейді. (Жиынға 15 минут кетеді)
Әр орталық бойынша мынадай жұмыстар жоспарланады:

Математика орталығы
Көрнекіліктері: Ыдыста бидай, таразы, түрлі - түсті суреттер. Жақшалы өрнек құра алатындай етіп есеп құрастыру. Kepi есеп құрастыру.

Оқу орталығы
- Epтeгi соңындағы сұрақтарға жауап дайындау
• Оқу техникасын қадағалау
Оқушылар өз бетімен оқулық бойынша жұмыс істейді.
Жазу орталығы
• “Бидай” сөзін қатыстырып мәтін құрау
• 4 жолды өлең құрастыру
• Бидай сөзіне (сын eciм, сан eciм, етістік) сөз таптарын қатыстырып сөйлем құрау.
Ғылым орталығы
• Нанды қалай жасайды? (Зерттеу жұмысы)
• Бидайдан дайындалатын тағамдар (таблицаны толтыру)
• Ұнның турлері, оларды салыстыру (Зерттеу жұмысы)
Өнер орталығы
• Ертегі бойынша сурет салу
• Epтeri бойынша көрініс көрсету
• Ермек сазбен жұмыс (Мусіндеу)
• “Бидай” тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар дайындау.
Орталықтардағы жұмыс

Орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар:
• бірлесіп жұмыс істеуге;
• бip - 6ipiнe уйренуге;
• өздерінің білімдерін, тәжірибе жасау арқылы ic - жүзінде пайдалануға үйренеді;
• өз ойларын еркін айтып қорытынды жасауға;
• өз алдына шешім қабылдай білуге үйренеді.
Орталықтардағы жұмыстарды қорытындылау (6 - 7 мин.)
• орталықтардағы жұмыстарды бағалау;
• жаңа сабақты қалай меңгергенін, cемантикалық, карта арқылы қадағалау
Cемантикалық картамен жұмыс
Tipi табиғат Жақсы қасиет Жаман қасиет Өсімдік
Бидай
Арам шөп
Адам
Аң - құстар
Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма беру.
12 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар.
Құстарды қоректендіреміз (бидай)
Құстарды қоректендіреміз (бидай)
Балаларға құстар жайлы оларды қоректендіру жайлы түсінік беру, бидаймен таныстыру Ермексаздан бидай жасау арқылы саусақ бұлшық еттерін дамыту
«Ақ бидай» ертегісі туралы коррекциялық сабақ
«Ақ бидай» ертегісі туралы коррекциялық сабақ
Мақсаты: Оқушылардың таным процестерін, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс орындауға баулу, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Асқар Тоқмағамбетов «Бидай мен Қаңбақ» (мысал)
Асқар Тоқмағамбетов «Бидай мен Қаңбақ» (мысал)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза Сарсенбаевна
Бидай мен қаңбақ
Бидай мен қаңбақ
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×