Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойнайық та, ойлайық

18 тамыз 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жезқазған қаласындағы
№10 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Кусаинова Гаухар Алибековна

Ойнайық та, ойлайық сайысы.

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.
2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Плакатқа жазылған қанатты сөздер, плакатқа жазылған тест, дұрыс құралмаған сөйлемдер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезең
Сыныпты екі топқа бөлі. Әр топта он - оннан болу керек. Топ арасынан басшы сайлау. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім
1 конкурс: «Өзін - өзі таныстыру» Әр топ өзінің ұранын, мақсатын айтады.
2 конкурс: «Кім жылдам» ойыны.
Жүргізуші: Қайсысы күйші, қайсысы биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.

Әр топ бір - бірлеріне өздерінің жаңылтпаштарын айтады. Оны дұрыс, тез айтулары керек.
3 конкурс: «Капитандар сайысы»
Әр топтың капитаны ортаға шығады. Әрқайсысына сұрақ қойылады.
1 топтың капитанына – Жеті қазынаны ата.
2 топтың капитанына – Жеті байлықты ата.

4 конкурс: Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ»
Ойынның мақсаты: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарының қойылуын, оның қолданылатын орнын ажырата білу. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
Шарты: Жүргізуші орамалды кез келген оқушының алдына тастап кім? не? Сұрақтарының бірін айтады. Ал оқушы сол сұраққа жауап беретін сөзді айтуы тиіс. Келесі оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.

5 конкурс: Тест.
Плакатқа сөздер жазылып ілінеді. Әр топ өзіне арналған плакаттағы тапсырмаларды орындайды.
1. Жемістердің атын білдіретін сөздерді боя:
Сұлы арпа шабдалы
Алма өрік алмұрт
Шие алма күріш

Жер - су аттарын боя:
Асқар Әсет Балқаш
Ақтау Көкшетау Есік
Іле Ақмола Пияз

Заттың атын білдіретін сөздерді боя:
Ағаш үлкен қонақ үй
Айбек дәптер арба
Сары нан аппақ
6 конкурс: Сөйлемдерді дұрыс құрастыру
1 топ Мал, жайылды, өріске.
Бұтақта, отыр, құс.
2 топ Сабақ, оқыды, Асқар.
Жинадым, мен, үйді.
7 конкурс: «Жорға» Екі топқа сұрақ қою.
1. Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Оқушының алғашқы кітабы. (Әліппе)
3. Мемлекетіміздің астанасы. (Астана қаласы)
4. Төрт түлікті атаңдар. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
5. Олардың пірлерін ата (Жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгі баба, түйе – Ойсыл қара, қой – Шопан ата, ешкі – Сексек ата)
6. Сүттен жасалатын тағамдарды ата (айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ т. с. с.)
7. Жеті күнді ата (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

8. Тұнғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
8 конкурс: Көрермендермен ойын.
Жүргізуші:
- Әділ қазылар алқасы ұпай санап жатқанша біз көрермендермен ойын ойнайық. Мен иллюстрацияларды көрсетемін, ал көрермендеріміз қай ертегі екенін табу керек.
1. Бауырсақ.
2. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
3. Екі жалқау.
4. Түлкі мен ешкі.
ІІІ. Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды. Әр топқа тиісті сыйлықтар ұсынады.
17 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×