Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы тапқырлар сайысы

28 маусым 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Озық ойлы тапқырлар» сайысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
2. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Әдісі: Ойын түрінде.

Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Капитандар сайысы.
4. Қасиетті сандар сайысы.
5. Суретшілер сайысы.
6. Біліктілік сайысы.(есептер шығару)
7. Ән сайысы.

Барысы:
1 – жүргізуші:
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
Аңсайсыздар ма, жаздың жемісін, қарбыз – қауынын?
Ол күнге жету, сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын - жарыспен өткізейік біз қыстың аязын!

2 – жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты текте – текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық.
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қамықпай көңілді болып тарайық!

1 – жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызда «Озық ойлы тапқырлар» сайысына қош келіпсіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Шеңбер», «Трапеция» топтарын ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші:
Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе.
1 – жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма
Талабың бар бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда.
2 – жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып, сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
1 – жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі.
1 - топ: 5а сынып, «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп, тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
2 – жүргізуші: Кезекте 5б сынып, «Квадрат» тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
«Квадрат» тобынан қарсыластарға сәлем.
1 – жүргізуші: Кезекте 6а сынып, «Шеңбер» тобы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 639
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Сайыс сабақ
Сайыс сабақ
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі: Алибаева Меруерт Ахметбекқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×