Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалғау

04 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жалғау
Мақсаты:
Білімділігі: Қосымшаның бір түрі жалғауды жаттығу арқылы білгізу.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Дағды: Сауатты, көркем жазу, түсініп орындау.
Көрнекілігі: Тірек – сызбалар, сауалнама, жеке суреттер, ребус, альбом.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дене, еңбек, бейнелеу, математика, дүниетану.
Түрі: аралас сабақ

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілгенді пысықтау.
Қайталау үшін: 1. Түбір және қосымша туралы ереже айтқызу, сурет арқылы сөйлем құру, жалғауларды атату.
2. Сауалнама 1 - 6
1/ а, 2/ә, 3/б, 4 /б, 5/ә, 6/а.
Туынды сөзді тап
а/ өнерлі
ә/ өнер
б/ ән
Түбір сөзді тап
а/ ботақан
ә/ бота
б/ қобызшы
Жұрнағы бар сөзді тап
а/ домбыра
ә/ арба
б/ ойыншық
Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а/ та - бал - дыр – ық
ә/ таб - ал - ды - рық
б/ та - бал - ды - рық
Бір буынды сөзді тап.
а/ дала
ә/ құрт
б/ көже
2 буын, 4 әріп, 5 дыбыстан тұратын сөзді тап.
а/ қияр
ә/ тақия
б/ сақина

ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз: Спорт - денсаулық кепілі. Қазақстандық чемпиондарды атату – тен, нан, дан, ден, нен жалғаулар екенін айту.
Тақтамен жұмыс: 1 - жаттығу: тан, ның, ге, бен.
Ауызша және өз бетімен орындату. 2 - жаттығу

Сергіту сәті: Ребус
5. Жеке жұмыс 3 - жаттығу бойынша мәтін құрастыру, жалғау жалғап сөзді жазу: Анасының, Сәуленің, күні, дастарханға, гүлдер, анасы.
Ауызша. 5 - жаттығу, тақтаға түбір сөз жазғызу: көп, ешкі, көк.

ІҮ. Үйге тапсырма.
4 - жаттығу, ережелерді қайталау.

Ү. Сабақты бекіту.
1. Ребус шешу.
2. Шығармашылық жұмыс.
1). Еңбек... нан... – тәтті
Жалқау... жан... – тәтті.
2) Ата... сөз... – ақыл... көз....
3) Ас ата... – нан.

3. Терме диктант. Туынды сөздерді теріп жазу.
Анам маған қамқоршы. Роза Рымбаева – әнші. Құмырсқалар – еңбекқор. Бұл – тойхана. Әкем – аңшы. Күй атасы – Құрманғазы.
Логогриф:
Жолда тасалар...
Бар ма іздеп...
Әзірше күн...
Барар жер әлі....
Шарада.
Бірінші буыны – құс, екінші буыны түс.
Шешуі: қазақ
Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Тіліміздегі сөздердің түбірі мен қосымшасын меңгере білейік.
«Шашу» ойыны.
ІҮ. Бағалау, мадақтау
9 277
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Түбірлес сөздер
Түбірлес сөздер
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×