Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар әлемінің сан алуандығы

18 қыркүйек 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Құдабаева Анаргүл Какимханқызы
бастауыш сынып мұғалімі,
Алматы облысы, Көксу ауданы,
Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп - гимназиясы

Тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Мақсаты:
Білімділік: Жануарлар әлемінің сан алуандығымен, яғни жануарлар түрлерінің өте көп болып келетіндігімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділік қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамыту арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық көзқарасын дамыту. Жануарлар әлемін қорғау. Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, Қазақстан Республикасының картасы, кесте плакаттар.
Армысың, ару Күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн
Білімге білім қос!

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: жануарлар әлемінің сан алуандығы. Сабағымыз өлкетану мұражайының жануарлар бөліміне саяхат түрінде өтеді. Сабақтың негізгі мақсаты: жануарлар әлемінің сан алуандығымен, яғни жануарлар түрлерінің өте көп болып келетіндігімен таныстыру. Мұражайдың «Жануарлар» бөліміне кірмес бұрын мұражайдағы «Адам», «Пайдалы қазбалар», «Өсімдіктер» бөлімдеріне барып, білімдерімізді пысықтап алуымыз керек.
І. Адам.
ІІ. Пайдалы қазбалар.
ІІІ. Өсімдік.
Бөлімдермен таныстыратын мұражай таныстырушысы өздерің боласыңдар. Онда І бөлім - Адам. Бұл бөлім бірнеше тақырыптардан тұрады.
1. Адамның сыртқы мүшелері: бас, көз, ауыз, мұрын, мойын, қол, аяқ.
2. Ішкі мүшелері: ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, ішек, қарын, қуық.
3. Адамның қаңқасы: бас сүйек, қабырға, қол сүйектері, омыртқа, жамбас сүйектері, аяқ сүйектері.
4. Ас қорыту мүшелері: ауыз, жұтқыншақ, өңеш, бауыр, қарын, ішек, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек.
5. Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе, оң жақ өкпе, сол жақ өкпе, ауа тамырлары.
6. Сезім мүшелеріне: көз - көру мүшесі, мұрын - иіс сезу мүшесі, тіл - дәм сезу мүшесі, тері - сипап сезу мүшесі.
7. Жүйке жүйесіне: ми, жұлын, жүйке тамырлары.

Өсімдік түрлері
1. Ылғалсүйгіш өсімдіктер: иваншай, сәлбен, қияқ, өлеңшөп, беде, құртқашаш.
2. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: сексеуіл, жантақ, сүтіген.
3. Жарықсүйгіш өсімдіктер: күнбағыс, мақта, жүгері, жолжелкен, бақбақ, қоңыраугүл.
4. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер: қарғакөз, қырлышөп, итмұрын, арша.
5. Жылусүйгіш өсімдіктер: жүгері, қияр, қызанақ, мақта, қауын, қарбыз.
6. Суыққа төзімді өсімдіктер: бидай, арпа, сұлы.

Жергілікті жермен байланыстыру.
- Біздің ауданда қандай өсімдік шаруашылығы бар?
/ Қызылша, соя, жуа, қауын, қарбыз, т. б. /
- Енді көпшілігі осы өсімдіктер тобымен қоректенетін табиғаттың тағы бір бөлігі -.... / интербелсенді тақтадан жануарлар әлемін көрсету /
жануарлар тобымен бүгін танысамыз.
Жануарлар тобы:
Сүтқоректілер.
Құстар.
Балықтар.
Қосмекенділер.
Бауырымен жорғалаушылар.
Бунақденелілер.
Ой қозғау.
- Жануарлар тіршілігіне не қажет?
/ жарық, жылу, ауа, су /
- Жануарлардың әр тобының өзінің бірнеше түрлері бар екен.
/ Құстардың түрлері /
/ Кеміргіштер /

Оқулықпен жұмыс.
«Сен білесің бе?»
1. Құстардың ең үлкені – Африка түйеқұсы. Оның биіктігі 3м, салмағы 90 кг.
Ең жүзгіш құс – пингвин. Ол сағатына 30 км жүзе алады.
Ең қырағысы – сұңқар. Ол 1 км қашықтықтағы жәндікті көре алады.
2. Жануарлардың ең алыбы – Африка пілі. Оның салмағы 6 тонна, биіктігі –
4 м, ұзындығы 4 жарым метр. Пілден кейінгі ірі жануарлар – бегемот пен мүйізтұмсық.
Ал ең биік жануар – керік. Оның биіктігі – 6 м, ұзындығы – 7 жарым метр, салмағы – 500кг.
3. Ең аштыққа төзімді жануар кірпі. Ол 236 тәулік, яғни 8 ай бойы ас ішпестен ұйықтайды. Ал ең шөлге шыдамды жануар - түйе. Ол 40 күн бойы су ішпей жүре алады.
4. Үкі мен қоянның көру кеңістігі 170º градусқа дейін жетеді. Олар тіпті артқы жағындағы тұрған заттарды да көре алады.
Және кірпігі жоқ болғандықтан ұйықтағанда қоянның, балықтың және жыланның көзі жұмылмайды.
5. Құста сүт жоқ деген мақал бар. Бірақ балапандарын сүтпен асырайтын құс бар. Ол кәдімгі - көгершін. Ал табиғи сүттің ең майлысы тюленьде болады. Тюлень сүтінің 43 пайызы май.
6. Жыланның құлағы болмайды. Ол дыбысты тілі арқылы естиді. Ал көк шегіртке алдыңғы аяғының жіліншігі арқылы естиді.
Викториналық сұрақтар.

Су жануарлары:
Бегемот, ақ аю, кит, акула, камшат, қаз, үйрек, аққу, көкқұтан, ләйлек, бірқазан, шағала, қасқалдақ, бекіре, жайын, шортан, алабұға, сазан, табан, нәлім, көксерке, бақа.
Сөзжұмбақ «Қ дыбысынан басталатын құстар»
Қ
Қ
Экологиялық есеп.
Тоқылдақ - орман дәрігері. Бір тоқылдақ күніне ағаш қабықтарын жарақаттайтын 700 мөлшеріндегі жәндікті жейді. Бір тоқылдақ бір айда қанша жәндікті жейді.

Сенің ойың, дәлелде.
- Халық ертегілерінде, тіпті ауыл адамдарында қазір де қасқырды «жауыз, ұры» деп жек көреді. Неге? Сен өз пікіріңді айт.
- Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Сонда бұл екеуін бір - біріне жау деп айтуға бола ма?
- Жануарларды қорғау қалай жүзеге асады?
/ «Қызыл кітап», қорықтар /
«Қызыл кітапқа» енгізілген аңдар мен құстарды аулауға, атуға болмайды. Олар арнайы мемлекет тарапынан заңмен қорғалған.

Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Оқулықтағы материалды оқу, жергілікті жердің жануарларын біліп келу, бір жануарға сипаттама жазу. / 89 - 91 бет, жерг. жер жану, сипаттама./
Бағалау.
17 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету. Ой - қиялын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту.
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жануарлар әлемінің сан алуандығы. Жануарларды қорғау
Жануарлар әлемінің сан алуандығы. Жануарларды қорғау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×