Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяққапқа ою тігу

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аяққапқа ою тігу
Сабақтың мақсаты: аяққапқа ою тігу, әшекейлеу, ұлттық қолөнер жайлы түсінік беру. Балаларға ұлттық тәрбие беру, ұлттық қолөнер арқылы танымдық қабілетін дамыту. Баланың сөздік қорын байыту. Қол тігістердің түрлерін, аталуын меңгерту. Сұрақ – жауап арқылы тапсырманы дұрыс орындату. Аяққапқа ою тігу тақырыбында алған білімдерін практика жүзінде іске асыру. Тапсырманы орындау кезінде оюдың ерекшелігін, құрылысын шеберлік көзімен бейнелей білу көзделеді. Оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру. Инені, жіпті дұрыс қолдануды қадағалау. Балаларды әсемдікке баулу. тапсырма бойынша қолданылатын сөздерді дұрыс айту, түзетіп отыру, жазу.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қазақ тілі пәнімен байланыстырып, сөздердің шығу тарихын, жасалған бұйымның көне ұлттық қолөнердің бір түрі екенін баяндау, толықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ине шуда жіп, қайшы, қадағыш, аяққап, ботамойын оюы, ақ түсті қарындаш.

Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Қызығушылығын ояту.
4. Дәптермен жұмыс
5. Мағынаны таныту
6. Топтастыру
7. Бекіту және қорытындылау.

Жаңа сабақ. 1. Аяққап – ыдыс салуға арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі: бірі тік төрт бұрышты, екіншісі ауыз жағы тік төрт бұрышты, ал түп жағы дөңгелек болады. Аяққап көбінесе киізден жасалады. Қажетті көлемде пішін аламыз, екі бөлік киізді бір – біріне беттестіріліп, олардың қоспасы ( аузынан басқа бөлігі ) шуда жіппен жөрмеп тігеміз. Тігілген бөлікке шашақ тағып, жиегін көмкеріп тігеміз. Инемен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз. Инені, түйреуішті кеудеге түйреме, аузыңа салма, инені қадағышқа қадап қой.
2. инемен жұмыс жасау жоспары:
1. Алдымен жіпті ал, өлше.
2. Содан соң жіпті қи. 3. Инеге жіпті өткіз. 4. Жіптің ұшын түй.
Сен не істедің? сұрағы бойынша балалар жауап береді. Мысалы: Алдымен мен жіпті алдым, өлшедім.
«Ботамойын оюы» туралы түсінік беру. Ертеде қолөнер шеберлері жануарлардың мүйізінен, дене мүсінін бір элементінен ою ойып қолданған. Бота – түйенің төлі. Бұл ою ботаның мойнына ұқсас болған.
1. аяққаптың оң жағын өлше, белгіле.
2. екі бөлек киізді бір - біріне беттестіріп, шуда жіппен жөрмеп тігеміз.
- Сен не істедің?
- алдымен аяққаптың оң жағын өлшедім, белгіледім. содан кейін белгінің үстіне «ботамойын» оюын түйреуішпен түйредім. Аяққапты жөрмеп тіктім.

ІІ. Қызығушылығын ояту. 1. Киізден жасалған бұйым (аяққап )
2. Аяққаптағы өрнек.(ою)
3. Аяққапты пішетін құрал
Мағынаны таны

Не білемін?
Тұрмыста пайдаланатын аяққап түрлері

Не білгім келеді?
Тігу жолдарын
Жөрмеп тігу

Не білдім?
Аяққапқа ою тігуді
Қорытынды
3 436
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары.
Қолөнер үйірмесінің жылдық жоспары
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Тігіс түрлері
Тігіс түрлері
Тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Тігіс түрлерінің орындалу технологиясын меңгерту.
Аяққапты дайындау
Аяққапты дайындау
Сабақтың тақырыбы: Аяққапты дайындау.
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
№244 Ы.Жақаев атындағы мектебінің технология пәнінің мұғалімі А.Көбегенова Оқушысы С.Нұржігітова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×