Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

28 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Асанғалиева Дина

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөз туралы түсінік
Білімділік: Біріккен сөздердің жазылу ережесі
Дамытушылық:
1) Тапсырманы орындау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулып, өз беттерімен жұмыс істеуге, алған білімдерін кеңейтуге үйрету;
2) Оқушылардың ой-өрісің дамыту, білімін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған ұлтын сүюге, туған тілін, туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Оқу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.

I. «Қызығушылығын ояту»
II. «Мағынаны түсіну»
III. «Ой толғаныс»
Сабақтың көрнекілігі: «Кубизм» «Фигуралар» «Топтастыру»

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру Оқушыларды үш топқа бөлу.
I топ «Ауылым», II топ «Туған жер», III топ «Қазақ елі»

- Қазақ тілім, өз тілім - ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
- Міне балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үш оқушыдан үй тапсырмасы сұралды.
III. Жаңа сабақ:

I. «Қызығушылығын ояту»
Ойын: «Фигураны тап» I топ II топ III топ
- Екі сөзден тұратын фигураның атын жазу
- Балалар, осы сөздердің ішінен күрделі сөздерді табайық.
- Төртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш
- Бұлар қалай жасалған?
- Екі түбір сөздің бірігіп айтылуынан жасалған.
- Олай болса жаңа сабағымыз «Біріккен сөз»
-IV. Оқулықпен жұмыс.
226-жаттығу
- Берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Үш топтың оқушылары тақтаға жазып шығады.

II. «Мағынаны түсіну»
V.Өз беттерімен жұмыс.
227-жаттығу
VI.Сергіту сәті.
- Балалар, туған ел, туған жер туралы өлең оқиық?
Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ауылым
Ауылым – Отаным
Ауыл – қазақтың ақ бесігі
Ауыл – ата қоныс
Ауыл – атамекен
Ауыл – ұлылықтың басталуы.

VII. Жаттығу жұмысы. 228 – жаттығу...
- Өлеңді көшіріп жаз.
- Біріккен сөздерді тауып астын сыз.

Төмендегі сөздерден біріккен сөз жаса:
Бөрі, жан, басар, дос, гүл, ай.
Айгул. Айжан. Досжан. Бөрібасар. Жандос. Айдос.Гүлжан

VIII. «Кубизм» «Құстар» «Балық» «Өсімдік»
Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз.
Құстар:
Балықтар:
Өсімдіктер:
IX. «Ой толғау»
Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз.
X. «Нені оқып үйрендік?»
Сабақта өтілген материалды қайталау.
XI. Үйге тапсырма. 229-жаттығу
«Топтастыру»
Кісі аттары Құс аттары Өсімдік аттары
Жәндік аттары Жер-су аттары

- Балалар, осы тілімізді неге ана тіліміз дейміз?
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен дарыған.
- Осы тіл анамыздың ақ сүтімен бүкіл ізгі қасиеттерді бойымызға сіңіреді.
XII. Бағалау
4 822
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Қайталама қос сөздер
Қайталама қос сөздер
Білімділік: Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Ауызша, жазбаша тілдерін, логикалық ой - өріс дамыту
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жубангарина Алма Болатқызы Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×