Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімді қайталау сабағы

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
- Сын есім туралы білімдерін пысықтау. Теория мен практиканы байланыстыра отырып, оқушыларды дәлелдеуге, талдауға, топтастыруға дағдыландыру.
- Дамыта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлауын, тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Сауатты жазу дағдыларын арттыру, өз елінің құндылықтарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта, Әйтеке би портреті, естелік хат
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өлкетану, психология

Сабақ барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр. Қане, осы қонақтарға өз бойымыздағы адамгершілік қасиеттерімізді білдіретін әдемі сөздермен өзімізді таныстырып жіберейікші.
(әр оқушы өз аттарының алғашқы әрпінен басталатын сын есім айтып танысады.)
- Ал, енді осы сөздерге қалай деп сұрақ қояр едік?
- Қандай?
- Бұл қай сөз табының сұрағы?
- Сын есім
- Олай болса бүгін біз сын есім туралы білімімізді пысықтайтын боламыз. Теория жүзінде алған білімімізді іс жүзінде қолдана білу машығын арттыруға арналған «Өнегелі өмір» тақырыбындағы сайыс сабағымыз бастаймыз.
Дәптерді ашып күннің жадын жазу.
Сабақтың жоспарымен таныстыру:
І. «Мен не білемін?» Ережені еске түсіру
ІІ. «Білгеніңді іске асыр» Практикалық жұмыстар орындау
ІІІ. «Өміріңе өнеге ал!»
« Мен не білемін?»
1. Интерактивті тақтада сызбамен жұмыс.
2. Экспресс – тест өз беттерінше орындайды, интерактивті тақтамен тексереді.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең
«Білгеніңді іске асыр»
1. Оқулықпен жұмыс: 61 - жаттығу екі топтан екі баладан шығып ауызша интерактивті тақтада орындайды.
62 - жаттығу екі бағанын екі топтан бір - бір бала шығып интерактивті тақтада орындайды, қалғандары орындарында отырып орындайды
Сергіту: Босаңсып демалу « көктемді күтеміз»
64 – жаттығу. Тақтада орындау. Екі топқа екі сөйлемнен бөліп беремін. Жұмбақты шешіп, сын есімді өзіне қатысты зат есімдермен бірге көшіріп жазады.

2. Өз беттерінше жұмыс: Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талда.
І топқа: Берекелі жерден мереке кетпес.
Талапты ерге нұр жауар.
Саналы адам сағыңды сындырмас.
Білімдінің сөзі - жібектей.

ІІ топқа: Әдепті бала ата - анасын мақтатар.
Ақылсыз адам айқайлай келеді.
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Сын есім жаса (интерактивті тақтада)
І топқа:
ақыл -
бой -
саз -
дәм –

ІІ топқа
біл -
көр -
байқа -
тап -

3. Шығармашылық жұмыс: Дұрыс ойлан! Мағынасы майысқан мақалдарды қалпына келтіріп жазу.
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
Дұрысы: Жастайыңнан еңбекқор бол. Еңбек бәрін жеңеді. Еңбек адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды батыр атандырады.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Ойын: «Бір сөзбен қалай атар едің?»
- Сөзге шебер адамды? (Сөзшең)
- Айтқанға сене салатын адамды? (Сенгіш)
- Көрінгенге соқтыға беретін адамды? ( Сотқар, Ұрыншақ)
- Тез ашуланатын адамды? ( Ашуланшақ)
- жан аямай жұмыс жасайтын адамды? ( Еңбекқор)
- Бойы ұзын баланы? ( Бойшаң)
- Біреуге бәле ойлап жүретін адамды? (Пәлеқор)
- Ал сен қандай баласың? Өзің туралы не айтасың (икемдімін, еңбекқормын, көңілдімін)
- Бүгінгі сабақ туралы не айтасың?
Олай болса бүгінгі сабақтың нәтижесі....................(бағалау)
Үйге тапсырма:
2 823
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Зат есімді қайталаймыз
Зат есімді қайталаймыз
Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Зат есім
Зат есім
Қазақ тілі (3 - сынып) Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
«Өнегелі өмір» атты сын есімді қайталау сабағы
«Өнегелі өмір» атты сын есімді қайталау сабағы
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Т. Г. Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ералина Райса Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×