Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім басы бастауышта қаланар

01 мам 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
«Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар»
1 - жүргізуші:
Кіріспе сөз:
- Нұрдана, білімді болу дегеніміз не?
2 - жүргізуші:
- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
1 - жүргізуші
- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.
2 - жүргізуші:
Уа жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар!
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
«Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар» атты
Апталықты бастаймыз.
Аянат: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Балауса: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Мирас: Кітап керек білім таңдап аларға
Білім керек іске жақсы қараға
Кітап - шырақ қара түнді ашатын
Білім - жарық нұрын саған шашатын.

Ақерке: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын танып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бас ақылшы күнде маған.
Талап: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.

Назерке: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

Нұрдана: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

Анель: Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Бейбіт: Жерден ауыр дегенім:(бәрі) – ақыл - білім,
Судан терең дегенім: (бәрі) – оқу - ғылым.

Хор: Балапан әні
Көңілді біздің балалар
Ойнайды да күледі.
Оқуды да ұмытпай
Білімге көңіл бөледі.

Көңілді біздің балалар,
Дос қадірін біледі
Досқа адал сондықтан
Көмекке әркез келеді.

Бейбіт: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышым,
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Анель: Әбес деме мұнымды
Айтайын бір шынымды.
Талмай оқып, ізденіп,
Игеремін ғылымды.

Талап: Адалмын мен халқыма
Адалмын мен антыма
Кім болсам да елімнің
Дақ салмаймын даңқына.

Нұрдана: Ақыл, сана, білім мен
(бәрі) Өнерге біз сенеміз!
Арым таза, ақ көңіл
(бәрі) Адалдыққа сенеміз!
Абыройлы ақ ниет,
(бәрі) Адамдыққа сенеміз!

Аянат: «Білем» деме, балам!
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам
Дүниеде жоқ шығар - деп ақын ағамыз Өтебай Тұрманжанов айтқандай көп білуге ұмтылайық.

Хор: Балапан әні
Кел балалар қанекей
Парақтайық әліпби
Талай қызық күтуде
Бәрімізді әлемде
Жалықпа сен жалықпа
Оқы, тоқы, арманда
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыс та

1 - жүргізуші: Талпынамыз, тойлаймыз
Талапты біз жоймаймыз.
Ұлы мақсат шыңына,
Шықпай әсте қоймаймыз.- деп,
«Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатын аяқтаймыз.
59 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×