Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы

24 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Көкқайнар ауылы, С. Естемесов атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тоқташбаева Шырын Бекеновна

Сауат ашу
Тақырып: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы
Сабақтың мақсаты: 1. Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру, оларды ажырату. Наурыз туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, ойын тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру, тану, пайымдау, іздену, қолдану.
3. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, сызба, суретті дидактикалық материалдар.
Әдісі: блумен жүйесі, деңгейлеп оқыту.
Түрі: жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Танып білу кезеңі.
Атқарылатын істер
1. Оқушыларды ұйымдастыру, сабақтың мақсатын хабарлау.
2. Сыныпты екі топқа бөлу.
«Ақтөс» тобы, «Құтжол» тобы.
3. Өткенді қайталауға арналған сұрақтар:
- Заттың атын білдіретін сөздер деген не?
- Адамға қатысты айтылатын сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Не? Нелер? Сұрағы нелерге қойылады?
- Қандай сөздерге бас әріппен басталып жазылады?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Сөйлем деген не? Мысал келтір.
- Сөйлем деген не?
(Жауапқа ұпай беріп отыру)
Сызба бойынша өткен сабақты қорыту.

ІІ. Түсіну кезеңі
1. Сурет бойынша әңгімелеу. Наурыз мерекесі туралы әңгіме.
2. Жылға таласқан жануарлар туралы ертегіні еске түсіре отырып, жыл басының тышқан жылы екенін және биылғы жаңа жыл туралы әңгімелеу.
3. Наурыз айының, көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы айтып өту. «Наурыз – жыл басы» өленін оқу.
Жыл аттарын оқу.
- Наурыз тойы күні үлкен болсын, кіші болсын мейрамға келіп, көңілді ойын – сауық құрады. Мұнда шарап ішу, ренжу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салған. Тойда ат жарыс, жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс түрлері, ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!» - деуді ұмытпаған жөн.
4. Сурет бойынша құрылған сөйлемдерді талдау.
Мысалы: Әже наурыз көже пісірді.
Кім? – Әже – заттың атын білдіреді.
Не істеді? – пісірді – қимылды білдіреді.
5. Әр түрлі қимылдар келтіре отырып, ережені қорытып шығару.

ІІІ. Қолдану кезеңі
1. Дәптермен жұмыс: Көркем жазу.
Наурыз – жыл басы.
2. 109 – жаттығу бойынша жұмыстар жүргізу.
«Ақтөс» тобы: Қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу,
«Құтжол» Қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу, дауысты дыбыстардың астын сызу.

ІV. Сергіту сәті.
Наурыз жыры.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасау.

V. Біріктіру кезеңі. 1. 110 – жаттығу. Ауызша талдау.
2. Деңгейлік тапсырмалар түрлері:
«А» тобы: Шығармашылық диктант – тиін туралы әңгіме құрау.
«Б» тобы: Терме диктант – қимылды білдіретін сөздерді байланысып тұрған сөзбен бірге теріп жазу.
«С» тобы Өздік диктант – тиін сөзіне сөйлемдер құрау, қимылды білдіретін сөздерді табу.
«Д» тобы: Суретті диктант – сурет арқылы қимылды білдіретін сөздерді жазу.

VI. Ой дамыту кезеңі.
«Бәйге» ойыны. Викториналық сұрақтар:
• Көктем айларын ата.
• Наурыз мерекесі қашан болады?
• Наурыз көже деген не?
• Күн мен түн қашан теңеледі?
• Жыл аттарын ата.
• Аптаның күндерін ата.
• Көктемде қандай құбылыстар болады?
• Көктемнің алғашқы гүлі?

VII. Түйсіну кезеңі. 1. Жаңа сабақты қорыту.
2. Наурыз туралы қорытындылау.

VIII. Қорытынды бөлім.
Екі топтың ұпайларын санау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Жыл аттарын және ереже жаттау.
4 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен табуға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өлеңді түсініп оқуға үйрету. Оқушыларға Ұлыстың ұлы күнін тойларда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мол тәжірибесінен терең сыр тартып, мереке туралы жан жақты
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×