Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)

22 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)
Жалпы мақсаты: Көксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру.
Міндеттері: - Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап, талқылауға үйрету.
- Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін, өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
- Табиғатты қорғай білуге, қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Оқыту нәтижесі: Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін дәлелдей алады, шығармадағы кейіпкерлерді тани алады, өзін - өзі бағалай алады.
Қолданылатын модульдер 1 2 3 4 5 6 7
Дереккөздер мен жабдықтар: Компьютер, оқулық, жіп, бағалау парақтары, үлестірме парақтар, плакат.
Тапсырмалар: «Өрмекші торы» ойыны «Ой қозғау» фильмнен үзінді «Тақырыптық тенис» әдісі
Тұжырымдамалық карта
Кезбе тілші әдісі. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Бүгін біз сендермен, жұпта, топта бір - бірімізбен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз..

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
«Өрмекші торы» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап берулерің керек

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету.
- Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)
- Фильмді көргендерің бар ма?
Шығарма бізге повестен үзінді түрінде берілген. Шығарма авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.
«Тақырыптық тенис» әдісін пайдалана отырып Мұхтар Әуезов туралы білімдерін байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің сөзі:
Мәтінді үш бөлімге бөліп беріп оқуға тапсырамын, оқып болған соң жұпта талдап, топта талдап бөлімге ат қояды және тұжырымдамалық картаға түсіре отырып түсіндіріп бересіңдер.
Бөлімдеріне ат қояды және оқиға желісін сақтай отырып әңгімелейді.

Сергіту сәті орындалады.
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)

• Ауа - райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.
• Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы - 20 000 жыл.
• Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршілк иесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.
• Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн - ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік.
• Қасқырлар тірі жануардың иісін 1, 5 шақырымнан анық сезе алады.
• Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.
• Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады.
• Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.
• Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара - пар.
• Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзе алады.
• Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады.
• Қасқырлар бір - бірін келе жатқан қауіп - қатерден сақтандыру үшін ұлиды. Жалғыз ғұмыр кешетін жануарлар жалғыздықтан да ұлуы мүмкін. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды.
• Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.
• Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады.

Жұптық жұмыс. (Кесте)
Көксеректің күшік кезі
Ауылдағы күшіктерден онша.....
Бірде - бір ит мұны....
Талаймын деп ит ұмтылса.

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі
Тамаққа өлгенше....
Езуін ғана....
Көздеріннің астынан жалт - жұлт....

Жеке оқушымен жұмыс
Ал, енді әңгіме кестесін құрайық.
Әңгіме аты
Авторы
Кейіпкерлері
Немен аяқталды
Не үйретті

Ү. Сабақты бекіту кезеңі
Кезбе тілші әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын. Бір оқушы тілші болып, көксерек әңгімесі бойынша сұрақтар қояды, соған жауап бересіңдер.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Рефлекция. Бүгінгі сабақ туралы пікірін білдіру.
Не қиын болды?
Бүгінгі сабақта не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдың?

ҮІІ Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма: 152 - 153 беттерді оқу. «Адам және табиғат» тақырыбына эссе жазу
9 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
М. Әуезов  «Көксерек» әңгімесі
М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу; “Көксерек” әңгімесін қайталай отырып, алдыңғы алған білімдерін тиянақтау. Қасқыр туралы пайымдаулар жайында ой жинақтау.
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Мұхтар Әуезов “Көксерек” (талдау сабағы)
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Мұхтар Әуезов "Көксерек – табиғаттың тағы перзенті"
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, № 21 Алға мектеп-бақшаның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×