Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар. Үй құстары

25 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович

Тақырыбы: Құстар. Үй құстары.
Мақсаты: 1) Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой - қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3) Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, «Құстар әлемі» плакаты т.б.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын, баяндау, проблемалық, «Ойға шабуыл», топтастыру, тб.
Түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтары:
1. Жануарлар дегеніміз не?
2. Жабайы аңдар дегеніміз не?
3. Жабайы аңдарды ата?
4. Үй жануарлары дегеніміз не?
5. Үй жануарларына нелер жатады?
6. Неге сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?
7. Жабайы аңдардың қандай пайдасы бар?

III.
А) «Ойға шабуыл» Суретті жұмбақтар шешу
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көлдің көркі, сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Тоқ - тоқ етіп
Ағашты ояды.
Ондағы құрттарды
Тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. (Қарлығаш)
- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

Ә) Жаңа сабақ.
Жануарлар әлеміне не жатады?
Ж а н у а р л а р
Құстар - қанатты жануарлар деп аталады. Олар өз беттерінше өмір сүреді. Дамиды, көбейеді.
Құстардың түрлері өте көп. Олардың көбі пайдалы. Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді. Оларды еті үшін аулайды
Ж а б а й ы қ ұ с т а р
Ү й қ ұ с т а р ы
Құстар туралы қосымша түсінікті саз пәнінің мұғалімі жүргізеді.
(Пән аралық байланыс )

IV. Сергіту сәті (Құстар қайтып барады әнін орындату)

V. Оқулықпен жұмыс
А) Мәнерлеп оқу
Ә) Үзбей оқу

VI. «Халық болжамдары»
• Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
• Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
• Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Аязды күні қанатын қақса, аяз сынады.
• Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады,
аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.

VII. «Есіңе сақта!» айдарымен
• Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
• Құстарды атуға болмайды.

VIII. Тапсырмалар мен сұрақтарды талдау.
IХ. Қорытынды. Ойын: «Бұл қай құс?»
6 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу
Қ. Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу
Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×