Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев. Бесік жыры

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Индер ауданы,
Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Тулегенова Гулаим Еділқызы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры».
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
2. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, әңгіме, сұрақ - жауап,
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің суреттері, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық.
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Керемет (қолын көтереді)
- Сабаққа дайындығымыз қалай?
- Тамаша (шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап (алақандарын тигізеді)
- Ендеше бастайық
- о – о - о (басбармақтарын көрсету)

Үй тапсырмасын сұрау. Әже өлеңі
«Менің әжем»тақырыбында жазып келген әңгімелерін оқу
Поэзия минуты:
1. Әр топ екі оқушыдан өлеңді жатқа сұрау
2. «Мен саған, сен маған» ойын арқылы өткен сабақты қайталау.
Сұрақтар:
- Өлең кім туралы?
- Әже деп біздер кімді айтамыз?
- Әжелер қандай болады?
- Осы «Әже» өлеңінің авторы кім?
- Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.
Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
- Ендеше балалар бұл өлеңнің авторы Ы. Алтынсарин екен? Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?
Оқушылар өздерінің жауаптарын айтады.

Ой қозғау:
- Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?
- Бесікке кімді жатқызамыз?
- Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?
- Олай болса, балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.
- Өлеңмен таныспас бұрын бесік жыры туралы түсінік берейік..

Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.
Қызметі: Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,
Туған күні: 25 маусым 1893
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы
Ұлты: Қазақ
Қайтыс болған күні: 19 наурыз 1938 (44 жас)
Қайтыс болған жері Алматы

- Өлеңмен таныспас бұрын бесік жыры туралы түсінік берейік..
Бесік жыры — тұрмыс - салт жырларының көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды.
Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.
Ауылдағы әжелеріміз Қалима әжей мен Талшын әжейдің бейнебаянын жіберу.
Балам менің қайда екен?
Қыздарменен тойда екен
Тойда болса, тойласын,
Орамалын майласын.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында,
Әнін айтып жүр екен?

Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден,
Озып келер тай ма екен?
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең - көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
Қара қарға қарда екен,
Жапалақтар жарда екен,
Балпаң - балпаң басатын
Балапандар қайда екен?
Әй - әй бөпем, әй бөпем,
Ұйықтадың ба, бал бөпем?

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Терме диктант. Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу. Әр оқушы слайдтан өзін - өзі тексеру.
Постер қорғау.
1 - топ: Өлең ұйқастыру
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.

.
2 - топ: Бесік туралы ырым – тыйым сөздер.
3 - топ: Өлең құрастыру.
Ойын «иә, жоқ»: иә - шапалақтау, жоқ - үндемеу.
- Бесік жыры өлеңінің авторы Мағжан Жұмабаев.
- Бесік жырын қуыршақтарға арнайды.
- Сәбиді бесікке жатқызады.
- Мағжан Жұмабаев әнші.
- Ана баласына жылы сөздер айтады.

ІІІ. Сабақты қорыту.
Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.
- Бесік жыры туралы не айтасың?
- М. Жұмабаев кім?
- Әже өлеңін жатқа айт.
- Қайқаус деген не?
- Ы. Алтынсарин кім?
Бағалау.
Үйге тапсырма «Бесік жыры» жаттау. «Пікірлер ағашын толтыру».
12 054
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Бесік жыры
Бесік жыры
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шержанова Гүлназ
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Ыбырай Алтынсарин «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»
Ыбырай Алтынсарин «Бұл кім?», Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарымсақова Зияш Ғайдоллақызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×