Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекқорлық пен еріншектік

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: ертегі мазмұны талдау арқылы, мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Тұлғалық нәтиже: еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Өзін - өзі дамыту қабілеттерін ұштау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Шаттық шеңбері: Қайырлы күн балалар! Шеңберге тұрып, бір - бірімізбен қуанышты көңіл күйде жылы жүрекпен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. Бір - бірімізге жанымыздағы досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.
- Сен ең әдемі қызсың.
- Сен мейірімдісің.
- Сен өте ұқыпты баласың.
- Сен әдептісің.
- Сен өнерлісің.
- Сен нағыз доссың.
- Сен еңбекқорсың.
- Сен ақкөңілсің.
- Сен шыдамдысың.

- Жарайсыңдар, балалар! Әрқайсыңның достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Жақсы қасиеттер жазылған карточкалар арқылы топқа бөліну. Білімді, парасатты, ақылды, мейірімді топтары.
І. Қызығушылықты ояту.
Адам бойына қажетті қасиеттердің қайсысы ең бірінші тұрады деп ойлайсыңдар?
- ой бөлісейік.
Тақтаға адам қасиеттері жазылған сөздер ілемін. Оқушылар ойын әңгімелесу арқылы өрбіту. Үй тапсырмасына қортынды жасау.
1. Білімге құштарлық
2. Қызығушылық
3. Сабырлық
4. Батылдық
5. Мейірімділік
6. Еңбекқорлық
7. Кішіпейілділік
8. Шыдамдылық

Оқушылар арасында өзара пікірталас болады. Әр оқушы өз ойын жеткізеді. Бірінші білімге құштарлық болу керек десе. Екінші бір топ Мейірімділік, батылдық болу керек - деп өз ойларын айтады. Осы арқылы батылдық туралы оқушылардан үй тапсырмасына берілген тапсырмаларды қорытындылап аламын.
Батылдық туралы мақал мәтелдер айтып өту.
Үй тапсырмасын қорытындылау.

Ой қозғау:
Слайдта нені көріп тұрсыңдар? осы бір кішкене жәндік туралы не білеміз? Осы жәндіктен біз нені үйренуімізге болады?.
- Ол құмырсқа
- Құмырсқа еңбекқор кішкентай жәндік
- Топтанып өмір сүреді. т. б

Оқушылар ойын толықтыру мақсатында мәліметтер келтіру.
Құмырсқалар ешқашан жұқпалы аурулармен ауырмайтындықтан, пайдалы болатын көрінеді. Халқымызда топтанып өмір сүретін құмырсқалардың илеуін бұзуға болмайды деген ырым бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, құмырсқалар бір тәуліктің ішінде илеудегі отыз мыңға тарта зиянды жәндіктерді жояды екен. Бұл да әрине адамзат баласына үлкен көмек. Жалпы, құмырсқаның қанағатшылдығы, еңбекқорлығы көп айтылады. Қасиетті жәндік ретінде ұлы діни кітап Құранға да енгізілген. Ал, қазақ халқының ұғымында құмырсқа еңбектің символы болып саналады. Біздің халық тіршілік иелерінің ішіндегі құмырсқаны осы еңбекқорлығы үшін де бағалайды.
« Тепе - теңдік шеңбері»әдісі
Жоғарыда айтылған еңбекқорлық сөзінің мән - мағынасын біз қаншалықты білеміз көрейікші. Ол үшін сендер өз аттарың жазылған тұстарыңа неше пайыз білетіндерің туралы белгі қойыңдар. Сабақ соңында тағы бір білгенімізді тексеріп көреміз. Тепе - теңдік шеңберіне белгілеп шығу.

2. Мағынаны тану: В. А. Сухамлинский ертегісімен таныстыру
«Т кестесі»әдісі арқылы еңбексүйгіш, еріншек туралы өз ойларын жазу.

Сергіту сәті: «Қамажай» биіне қимылымен билеу.
Ақылды үкі сұрағына « хат жазып» жауап берейік.
Ал енді балалар біздің жасымыз нешеде?
Біз осы уақыт аралығында не үйрендік және не істей аламыз?
Уақытымызды еріншек сияқты текке өткізген жоқпыз ба?.
Топтағы оқушылар өз ойларын стикерге жазып алма ағашына жапсырды. Оқушылар оқу, жазу, есептер шығара латындығы сонымен қатар домбыра тартып, би билей алатындығы туралы жазып айтып өтті.

Тақырыпты пысықтау арқылы оқушылармен бірге қолдан қалташа жасаймын. Ақ қағазды екі бүктеп шеттерін қайырып алып, қалташа жасаймыз. Оны сурет салып сәндеуге болады. Ал енді осы жасаған өнімге жарнама жасап сату керек. Қайсы топ жақсы жарнама жасап сата алса, сол топ еңбегі бағаланады. Ал балар сендер осы қарапайым қалташа жасап жатқанда сендер не істедіңдер?
- ойландық
- үйрендік
- жасадық
Жарайсыңдар адам еңбек ету үшін адамға ой - сана білім қажет.
- талап, талпыныс қажет.
- Шыдамдылық қажет
- еңбегің жанады
- ерінбей, еңбектену қажет. Кез келген еңбек үшін осы қасиеттер қажет екен.

Дәптермен жұмыс: Осы қасиеттерді жазу. Мақал – мәтел жазу.
Ал енді «Еңбексүйгіштік», «еңбек»- деген сөз мағынасын қанша деңгейде түсінгендеріңді тағы бір «Тепе - теңдік шеңбері»арқылы көрсетейік.

Топпен жұмыс:
Міне балалар сендер өз ойларыңды дамытқандарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар. Ал енді келесі тапсырма әр топ алдарыңдағы плакатқа сурет саламыз.
А. Естеновтің өлеңін оқып танысыңдар және уақытты тиімді пайдалана отырып, мазмұнын суреттейміз.
Оқушылар өлеңді оқып сурет салады. Суреттерін оқушылар қорғап әңгімелеп береді.

Топтар бірін - бірі тыңдап, бағалады.
Венн диаграммасын оқушылармен бірге құрдық.
Қорытындылау ретінде Ән: «Болайықшы осындай»
Өлеңі мен әні А. Меңжанованікі
Жақсы бала еңбекшіл
Ер – азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым - ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Еңбек адамды көптеген белестерге жетелейді екен олай болса кестені менімен бірге толтырайық
- Білімді болу үшін еңбектену керек.
- Қаланы көркейту үшін еңбектену керек.
- Бағбан жеміс - жидек өсіру үшін еңбектенеді.
Барлық нәрсеге тек қана еңбектену арқылы жетеді екенбіз. Сендер еңбексүйгіш болсаңдар саналы, білімді, бақытты өмір сүреміз.
Алдарыңда тұрған қағаздарға әр бірің өз ойларыңды жазыңдар да осы ой саған қажет болса стикерлеріңді чемодан суретіне ілеміз. Ал қажет болмаса қоқыс шелекке ілу керек.

Тыныштық сәті: Әуен қойылады.
Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер жазып, сыйлайды.
Ал балалар сендер осы айтылған ойдың сендерге өте қажет қасиет екенін айттыңдар. Сабағымызды осымен аяқтаймыз. Жақсы қатысқандарың үшін рахмет!

Үйге тапсырма: Еңбекқорлық пен еріншектік.
3 203
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Қайырымдылық, адал еңбек, өз – өзіне сенімділік Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсінік беру.
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық. Сабақ мақсаты: Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқитқа көз жеткізіп,
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбекқорлық пен еріншектік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×