Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дала жануарлары мен өсімдіктері

04 қазан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 сынып
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері
Сабақтың мақсаты: 1. Дала жануарлары, олардың тіршілік жағдайлары туралы
әңгімелей отырып, оларды кластарға бөлу, өз білімдерін жаңа ақпаратпен байланыстыру, салыстыру, дала тіршілігінің өзара бір - бірімен байланысын дәлелдей отырып, жүйелі баяндауға, қорытынды жасай алуға, шығармашылық ізденіске баулуға жағдай жасау.
2. Табиғатты сүюге., жануарларды қорғауға, қамқор болуға баулу.
3. Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.
Сабақтың әдісі: топтау, түртіп алу, классификация жасау, бір айналым сөйлеу
Сабақтың көрнектілігі: шалғын дала жануарларымен өсімдіктерінің суреті, сызбалар, кесте, баға кесте, физикалық карта, жұмбақ,
С. Сейфуллиннің өлеңі
Техникалық құралдар: бейне таспа, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
a) Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабақ барысын хабарлау
Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін басшылыққа аламыз.
2. Топпен жұмыс
3. Жаңа сабаты өздері ізденіп, меңгеруге жағдай жасалады
4. Өзін - өзі бағалау
Бүгінгі сабақ барысы түсінікті болса, алдымен 4 топқа бөлініп, топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшысының міндеті, өз тобындағы балалардың білім деңгейін бағалап отырады.
- Үйге не берілді?
- Шалғын өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
- Үй тапсырмасын қайталап, пысықтаймыз. Ол үшін 4 топқа бөлініп, топ
басшыларын сайлап алайық. Топ басшысының міндеті, өз тобындағы балалардың білім деңгейін бағалап отырады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғап шығады.
I топ
Шалғындар туралы түсінік физикалық картамен жұмыс.
II топ.
Шалғынды өсімдіктері.
III топ.
Шалғын жануарлары.
IV топ.
Шалғынды қорғау сызбамен жұмыс.
Оқушылардың білімін жан - жақты тексеру: сұрақ - жауап
Шалғынды жер – еліміздің табиғи байлығы. Табиғи байлық біздің жеріміз, туған еліміз. Оны барлық ақын - жазушылар жырлап өткен, жырлайды да. Оны С. Сейфулиннің «Туған еліме» өлеңінен көруге болады. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріп өту керек.
Туған еліме
Кеңсің дала,
Туған ана,
Көйлегін кең, көк ала.
Жан беретін

Қазақстанның физ. картасына қарасақ, оның көп жері жазықты кең дала. Қазақ жері ұлан - байтақ кең. Ол 2 илн. 700 мың шаршы км. Қазақстан жер көлемі жөнінен 9 - орын алады. Осы жазық даланы біз екінші анамызға теңейміз. Өйткені адамзат - табиғат перзенті. Оның мейірімділігі шексіз.

IΙ. Тән беретін
Мейірімді ана – сен ғана.
Төсімде емген,
Саған сенген,
Жан – жануар баласы.
Төсің сүтті,
Бауырың құтты,
Сен тіршілік анасы.
Жібек жасыл,
Анық асыл,
Кестесі гүл киімнің.

Жер анадан жан - жануар, адамзат тірі ағзалардың бәрі өз керегін алады, өсіп өнеді. Тіршілік анасы жер. Жер – ана яғни дала.

Ι топ. Жұмбақ
Жылқыны қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып
Есекті құлағына қыстырып,
Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген.
Жауабы: Қоян. Сүтқоректілер класына жатады. Ол баласын сүтпен
асырайды. Олай болса сендер сүтқоректілер тобы боласыңдар.

IΙ топ. Дуадақ (суреті беріледі) Дуадақ туралы не білесіңдер?
Жауабы: Дуадақ құстар тобы Салмағы 16 кг, 22 түрі бар, 2 - 3
жұмыртқа салады. Демек сендер Құстар тобы боласыңдар.

IΙI топ. Крыловтың “ Шегіртке мен құмырсқа” мысалындағы кейіпкерлер жануарлар тобының қай класына жатады?
Жауабы: Шегіртке мен құмырсқа жануарлар тобының класына жатады.
Онда сендер омыртқасыздар тобы боласыздар.
IV топ. Мақал
Жылы - жылы сөйлесең
Жылан інінен шығады.
Мақалындағы жануар.
Жауабы: Жылан, бауырмен жорғалаушылар класына жатады. Сендер
бауырмен жорғалаушылар тобы боласыңдар.

Сүтқоректілер → Түлкі, Елік, Бөкен, Бұлан, Орқоян, Қасқыр

Түлкі: Қасқырмен біртұқымдасқа жатады, дене мөлшері кішілеу, денесінің ұзындығы 70 - 77см, салмағы 6 - 7кг, құйрығының ұзындығы 55см, үлпілдек, ұшы ақ, аяқтары қысқалау. Түлкінің терісінің бояуы ашық - сары түспен, сұр - қызыл түске дейін өзгереді. Жұптасып тіршілік етеді. Бұлар ұсақ кеміргіштермен көбіне тышқандармен қоректенеді. Осал болуы – аяғының қысқалығы. Сондықтан қыста қар болғанда омбылап шаршап қалады. Түлкі терісі дайындалатын.

IΙ топ.
Құстар → Қарабозторғай, Безелдек, Дуадақ, Дала қыраны, Ақбас тырна
Дала қыраны – Қазақстандағы тәлімді қырандардың бірі. Бүркіттен кіші қанатының құлашы - 2м, салмағы - 2, 5 - 3кг. Дала қыраны ашық және түрлі – түсті қауырсынды. Қорегі – сарышұнақ, ұяларын құз шыңның шоқысына шоқы баурайларына салады. Бірнеше жыл бойы салған ұялары қолайсыз, үлкен далада бірнеше метр жерден көрінетіндіктен 1 - 3 жұмыртқа салып, 10 күн балапандарын қоректендіреді. Ауада қалықтап жүріп, қорегін аулайды.( Үнтаспадан көрсету).

Қарағанды облысы, Шет ауданы
Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ
базасындағы тірек мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 949
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала мен шөлді аймақ өсімдіктері мен жануарларының бейімделу жағдайларын салыстырып, өз ойын жеткізеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру. Тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, жүйелеп мазмұндау қабілеттерін дамыту.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы Дүниетану 4 сынып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×