Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санымен танысу

22 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Қарапайым математика
Тақырыбы: 4 санымен танысу
Мақсаты: Білімділік: 4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету.
Дамытушылық: логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: жеке жұмыс істей білуге, достық қарым - қатынасқа еркін түсуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Көрсету, айту, түсіндіру.
Құрал жабдықтар: 4 санының суреті, жеке суреттер, бейнетаспа, жеке тапсырмалар, логикалық ойындар.
Қостілдік компоненттер: төрт - четыри.

Ынталандырушы оятушы
Шаттық шеңбері:
- Балалар бүгінгі арайлап атқан күннің көзі қандай?
- Күнге қараңдаршы, күн мұңайып тұр. Қане барлығымыз күннен бүгінгі күніміз жақсы өтуін өтінейікші.
- Күн мен сені жақсы көремін,
- Күн мен сенен өтінемін!
- Сыйла маған қуаныш пен мейірім,
- Сыйла маған жылулық пен кешірім.
- Балалар күн күлімдеді ол бізге тосын сый дайындапты.(музыка қосылады)
- Балалар көңіліміз көтерілді ме?

Ұйымдастырушы ізденуші
- Балалар орнымызға отырайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде табиғат бізге қандай өзгерістер әкеледі?
- Қыс мезгілінде біз қалай киінеміз?
- Қыс мезгілінде қардан не жасаймыз?
- Қыс мезгілінде біз далада немен ойнаймыз?
- Өте жақсы.
- Балалар бүгін біз қарапайым математикадан жаңа төрт санымен танысамыз. Оны бастамас бұрын біз өткен сандарды қайталайық.
- Қанекей біз қандай сандармен таныстық?
- Осы сандарды тура және кері санайықшы1, 2, 3. 3, 2, 1
- Енді осы сандарды ауада жазып көрсетейік.
- Балалар бір санын орыс тілінде қалай айтады?
- Екі санын ше?
- Ал үш санын?

Ойын «Кім жылдам»
Шарты: Тәрбиеші сандарды қосып, азайтады Балалар оның шешімін табады.
Сергіту сәті:

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Атамбаева Эльмира Победовна

Толық нұсқасын жүктеу
2 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
3 санымен таныстыру.
3 санымен таныстыру.
3 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру.
4 санымен танысу
4 санымен танысу
4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету. логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
3 санымен таныстыру
3 санымен таныстыру
Екібастұз қаласы № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Абдинова Үміт Даутқызы Сабақтың тақырыбы: 3 санымен таныстыру
«Төрт» санымен таныстыру
«Төрт» санымен таныстыру
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды селосы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Назира Алиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×