Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы мен жаман

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақсы мен жаман

20 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а\Қ. Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау.
ә\Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын кеңейту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: мақал, өлең.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелеу..
2.«Сен үшін ұялдым»тақырыбына жазған эсселерін оқу.
3. Тілазарлыққа байланысты мақалдар айту.

Сергіту сәті. Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс - жақын» жаттығуы
- Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.
- Мынау кім немесе не, анықтаңдар?
- Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
а) Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын ашу.
ә) Өлеңдегі жақсы, жаман қасиеттерді салыстыра айт.
б) Жақсы, жаман қасиет туралы кімнің шығармасынан танысып едіңдер?
в) А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз»өлеңін жатқа оқу.
г) Екі өлеңдегі қылықтарды салыстыра әңгімелеу.
д) Мақалдың мазмұнын түсіндір.

Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондыр

IV. Сабақты бекіту.
- Жаман әдеттерден қалай арылуға болады?
- Жақсы, жаман қасиеттерді санамалап айтып бер.
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?» Есте сақтауын дамыту
- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді түсініп оқу.
2. Жақсы, жаман қылықтарды өзіңше жалғастырып жаз.
VI. Бағалау.
2 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру, дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру. Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×