Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері

25 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері
Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жүсіпбек Аймауытов туралы түсінік беру, мәтін мазмұнымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға, ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, автор бейнесі
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.

ІІ. Психологиялық дайындық:
- Екі көз не үшін керек?
— Барлық жақсылықты көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяқ не үшін керек?
- Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

III. Өткенді пысықтау кезеңі:
а)«Атадан қалған асыл мұра» бөлімді қайталауға арналған тест бойынша білімдерін тексеру.
ә) Сөзжұмбақ шешкізу.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
2. Отбасындағы әке атауы.
3. Ел сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
4. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.
Орман
аТа
Атамекен
ӘНұран

IV. Мақсат қою кезеңі.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың барысы мен мақсатын таныстыру.

V. Жаңа сабақ.
1. Түсінік беру:
б) қызығушылықты ояту
- Сонымен, балалар біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
Қазақстан Республикасы
- Өте жақсы. Еліміздің астанасы қай қала?
- Астана.
- Дұрыс еліміздің астанасы – бұл Астана қаласы, яғни Отанымыздың бас қаласы. Ол – Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
в) топтастыру
- Ал осы Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Егеменді тәуелсіз
азат
бейбіт ел

жері кең
көп ұлтты мемлекет

- Өте дұрыс балалар Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Еліміздің бас қаласы астанамыз Астана қаласы.
- Жоғарыда балалар Қазақстан көпұлтты мемлекет дедік. Көпұлтты деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Яғни, біздің қазағымыздың кең даласында көптеген ұлттар тұрады екен. Орыс, татар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Міне осындай татулықтың белгісі Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті - кеңесші орган. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кең байтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кең болсаң, кем болмайсың" дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
— Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз - Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен танысамыз.
Мәтін мазмұнымен таныстыру.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Іштей оқу.
ә) Тізбектей оқу. б) Тауып оқу.

VІ. Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
3. Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс
Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)
Үй басы — әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)
Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)
Ет бауыр жақын — өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)
Шерсіз – қайғы - мұңсыз. ( Жүрегі шерсіз, таза адам екен.)
Жетесіз – ақылсыз, ақымақ. ( Жеті атасын білмеген жетесіз.)
4. Тапсырмамен жұмыс
Берілген тапсырмаларды орындау
- Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып, оқу. - Мәтіннен жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған жолдарды тауып, дауыстап оқу
- Мәтіннің авторы кім?
- Қартқожа кім?
5. 5 жолды өлең
Қазақстан
Тәуелсіз, егеменді
Гүлденеді, дамиды, әдеміленеді.
Туып өскен – туған жерім
Мекенім

VІІ. Жаңа материалды қорытындылау:
Сұрақ - жауап:
- Қартқожаға не қатты әсер етті?
- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді?
- Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке ат қой.

VІІІ. Бағалау:
Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма:
«Қартқожаның туған жері» мәтінін оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
Ж. Аймауытов. Қартқожаның туған жері жүктеу
10 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің  Отаным - Қазақстан Мәтін Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері
Менің Отаным - Қазақстан Мәтін Ж. Аймауытов Қартқожаның туған жері
2. 2. 2. 1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу 2. 1. 1. 1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
Әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар (2 сынып)
2 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы. Біздің ата - бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен,
Мысық пен тышқандар
Мысық пен тышқандар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауданбаева Лаззат
"Отан" Ж.Әбдірашев
"Отан" Ж.Әбдірашев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×