Білімділер поралы

Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі.

1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Қ дыбысына байланысты буындар мен сөздерді біледі.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Қ дыбысы, буква қ, the letter Қ

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Бас бармағым атам.
Балан үйрек әжем,
Ортан түйрек әкем
Шылдыр шүмек анам
Кішкентай бөбек ол мен.

Сабақтың ортасы
Тыңдалым
Отбасы туралы видио көрсету. Жазбадан не көргендерін сұрау, әңгімелеу.
Топтық жұмыс
1 топ: Өз отбасы туралы айтады.
2 топ: Отбасындағы ата мен әженің рөлі туралы айтып береді.
3 топ: Отбасындағы әке мен ана рөлі туралы айтып береді.
4 топ: Отбасындағы баланың рөлі туралы айтып береді.

Сергіту сәті
Жел улейді у - у
Құйын келіп билейді зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу
Жапырақтар қол соқты ду - ду

Қызықты тапсырма
«Сөз ойла, тез ойла» Жұптық жұмыс (жұптасып әріптерден сөз құрайды). Әріптердің орны өзгертіліп сөздер беріледі. Балалар дұрыстап жазады.

Аяқталуы
Берілген әріптерден сөз құрастыру.
Әріптер мен сандарды пайдаланып, сөз құра. Әрбір топ сөз құрап шығады.

Мәтінмен жұмыс. Қалып қойған сөзді табу.
Сөздерді оқу.
Қала, қара, қалақ, қалта
Қола, қора, қонақ, қасық
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
- Балалар Қ дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл - қыздар бар ма?
Қане тақтаға бері қарайық. Қ әрпін бекіту.
Менің отбасым Қ дыбысы мен әрпі. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 20
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 20
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика