Білімділер поралы

Екі таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау

Математика 4 сынып
№ 86. Тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау
Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу, көбейту тәсілдерін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. 14 - бет.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Өткенді пысықтау:
№ 1 жаттығу бөліндінің мәніндегі цифрлардың санын анықта.
Былай тұжырымда:
ә) Есептеп, дұрыстығын тексер.
798: 57=14 ----------- 455: 13=35 ---------- 2548: 26=98 ---------- 4656: 97=48
57•14=798 ----------- 13•35=455 ----------- 26•98=2548 ----------- 97•48=4656
714: 34=21 ----------- 688: 16=43 ---------- 7644•78=98 ---------- 6348: 69=92
34•21=714 ----------- 43•16=688 ----------- 98•78=7644 ----------- 92•69=6348

№2 Есепті шығару
а) Шешуі: (300: 6)+10=60 км/сағ 60∙6=360 км
Жауабы: машина 6 сағатта 360 км арақашықтықты жүріп өтер еді.
ә) ауызша орындау.
Жауабы: салдың жүзіп өтуіне 1 сағат кетті.
№3 теңдеу құру арқылы шығарылатын есеп.
319+х=10•52
319+х=520
х=520 - 319
х=201
319+201=10•52
520=520
Жауабы: лагерьден үйіне 201 қыз қайтып оралды.
№4 сызба бойынша есеп құрастыру және шығару.
Тігінші 25 дана белдемше және 20 дана шалбар тікті. Белдемшеге шалбарға қарағанда 10 м мата артық жұмсалды. Егер бір белдемше мен бір шалбарға бірдей мөлшерде мата жұмсалған болса, онда 1 киімге неше метр мата жұмсалды?
Шешуі: 10:(25 - 20) =2 м
Жауабы: 1 киімге 2 м мата жұмсалды.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:
№6. Өрнектердің мәнін табу.
1) 31•4589 - 26772: 46= 141677
31•4589 - 26772: 23=141095
2) 3912: 12+6205: 17= 691
6384: 12+6205: 17=897
3) 19072: 32∙85= 50660
ҮІ. Бекіту.
№7 жаттығу тиімді тәсілмен есептеу.
Екі таңбалы санға жазбаша бөлудің тәсілдері. Пысықтау жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 264
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 261
Роботтар: 2
Жолдыгали kenzhebek aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика