Білімділер поралы

Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев

Cабақтың тақырыбы: «Ардақты ана» Ә. Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: Ә. Дүйсенбиев туралы қысқаша мағлұмат.
«Ардақты ана» өлеңінің негізгі идеясын ашу.
2. дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру.
3. тәрбиелік: Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Ә. Дүйсенбиевтің суреті, интербелсенді тақта, гүл күлтелері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік.
Мен саған, сен маған.
Көктем келді алақай,
Ендеше гүл терейік.
Сыныпты топқа бөлу.(Гүлдердің түсі бойынша).

2. Өткен материалды қайталау.
- Балалар, сендерге үйге қандай тапсырма берілді?.
- Мәтінді оқу.
- Құстарға байланысты тыйым сөздер жазып келу.
- Ал, енді мәтіндегі бала құстарға қарсы қандай іс - әрекет жасады?
- Баланың шешесі қай кездегі оқиғаны есіне алды?
(Балалар мазмұнын қысқаша айтып береді).
- Сендер бұл мәтіннен қандай үлгі алдыңдар?

3. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Үш әріптен тұратын.
Есімі оның тұрақты,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Күнім, жаным дейтұғын
Айтады кәне, кім атын? (Ана)

2. Жаңа сабақ.
Топпен жұмыс.
«Ана» сөзіне кластер құрастыру.
- Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә. Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңі.
А) Автор туралы мағлұмат беру.
Ә) Мұғалім мәнерлеп оқып береді.
Б) Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға оқытқызу.
В) Өлеңді талдау. Сұрақ – жауап.
- Баланың анасына деген алғысы, шаттығы, қуанышы қандай жолдардан көрінеді?
- Баланың анасына деген тілегін тауып оқып бер.
-«Ананың қас қабағына қарау»қалай түсінесің?
3. Топтық тапсырма
1 топ: Өлеңді аяқта
2 - топ: 5жолды өлең құрастыру

4. Қоры тынды:
- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
- Құшағы кең кім?
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Ендеше аналарымызға арнап тілегімізді білдірейік.
Гүл күлтелеріне тілектер жазып, тақтада гүл құрастыру.

(Қонақтарға тілек)
5. Үйге тапсырма. 1 - топ: Ана туралы эссе жазу. 2 - топ: Ана туралы мақал – мәтел жазып келу.
6. Бағалау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 84
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 83
Роботтар: 3
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика