Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс және әріп

11 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты:
1. Дыбыстар және әріптерді, и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білім, біліктерін қайталау; Я, Ю дыбыстарының қосарлы дыбыс екенін және жазылуын еске түсіру.
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын, көру зейінін және есте сақтауын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге, табиғатты аялауға, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, дүниетану, өзін - өзі тану
Көрнекілігі: семантикалық карта, слайд,

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
490 - жаттығу
 У қандай дыбыс?
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз дыбыс болады.
Дауыссыз дыбыстан соң сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты дыбыс болады.
Семантикалық карта

Алдымыздан Аяжан мен Елдос шығып: Балалар, сандардың құпиясы туралы тереңірек білу үшін Білімпаз атайға сандар апара жатқанбыз. Алдымыздан мыстан кемпір шықты да, бір санды ұрлап әкетті Енді соны табуға бара жатырмыз. Көмектесесіңдер ме?
Мыстан кемпір: Әуелі сұрақтарға жауап беріңдер.

Ой қозғау
 Дыбыс дегеніміз не? /Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады/
 Әріп дегеніміз не?
/Жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады/
Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз.
 Дауыстар нешеге бөлінеді?/Дауысты, дауыссыз/
 Дауысты дыбыс қалай жасалады?
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
 Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
 Әріптер жиынтығы қалай аталады?
Алфавит
Ағылшын тілінде қанша әріп бар?
26
Нешеуі дауысты дыбыс? Дауысты дыбыстарды ата.
6 A, E, I, O, U, Y
Нешеуі дауыссыз дыбыс?
20
ІІІ. Мағынаны таныту.
Түсіндіру
ЦБР /электронды оқулық/ №4066 сабақ
Аюда бар
Тиінде жоқ
Оюда бар
Түйінде жоқ (Ю әрпі)
Я, ю әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді.
Я қандай дыбыс?
Я - қосарлы дауысты дыбыс.
Я әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады.
Ю қосарлы, дауысты дыбыс.
- Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады.
Ескерту!
И+у естілуі бойынша кей сөздер солай жазылады. Мысалы: Миуа - өсімдік, кейуана - жасы ұлғайған, кәрі, қарт мағыналарын білдіреді. айуан – жабайы аңдар, хайуан.

ІҮ. Тақтамен жұмыс
Көркем жазу
Ю ю Я я
494 - жаттығу Сөздерді көшіріп жаз.
Аю, оюшы, көркею, пияз, зиян, мия./иу, йа/
• Ю, я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?

495 - жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Әкем шөп маялады. Көктемде өзен суы молаяды. Ғ - ұяң, дауыссыз дыбыс. Әлия - озат оқушы.
• Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылып тұрғанын айт.
• Я әрпінің алдынан келген дауыстының астын сыз.

Ү.«Мықты болсаң, тауып көр» ойыны
Шарты: Дыбыс саны мен әрпі саны бірдей сөздерді сол бағанға, бірдей еместерді оң бағанға жаз.
Кептер, қия, дала, кітап, аяз, таяқ, жол, сәбіз, қоян, шаян, балық, ою, қию.
496 - жаттығу
Қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады? Сол сөздерді көшіріп жаз.
Жию, түс, кию, ұмтыл, үю, қою, жаю, талпын.
Ескерту!
Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию, жию

ҮІ. Топтық жұмыс
1 топ Криптограмма. ҚАЗАҚСТАН
Мұнда топқа криптограмма беріледі. Берілген топ өздеріне ең көп сөз тауып жазады.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
№ 132 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Дыбыс және әріп жүктеу
Дыбыс және әріп слайдты жүктеу
6 879
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
У дыбысының дауысты болып айтылуы
У дыбысының дауысты болып айтылуы
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру. Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×