Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А дыбысы мен әрпі

11 сәуір 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1) «А» дыбысымен таныстыру. А дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру.
2) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, жылдам ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3) Оқушыларға «А» дыбысы бар сөз ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Пәнаралық байланыс:
Көрнекіліктер: А дыбысына байланысты суреттер, ребус, дидактикалық материал

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
• Оқушыларды тыныштандыру.
• Әнұран орындау.
• Балалар, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің» дегендей бір - бірімізбен амандасып, сәттілік тілейік.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, мұғалім?
Сәлеметсің бе, құрдасым?
Сәтті болсын бұл күнің,
Бестік болсын алғаның.
• Өте жақсы, орындарыңа отырыңдар.
(Бүгінгі күнді анықтау, - аптаның қай күні, қалай аталады?)

ІІ. Өткенді еске түсіру
• Балалар, біз сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
• Ал, балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Мен үшін ол жақсы адам
Артық көрем басқадан.
Апа, ата сөздерін
Қайсы әріптен бастаған. (А)

ІV. Жаңа сабақ
• Балалар біз, бүгін «А» дыбысымен және әрпімен танысамыз.
• «А» дыбысын айтып көрейікші, қалай айтылады?
• Созылып, еш кедергісіз айтылса, ол дауысты дыбыс.
• Дауысты дыбыстар алфавитте қызыл түспен белгіленеді.
• Тақтадағы алхоры, алмұрт, апельсин, аю, арыстан суреттерін көрсету арқылы «А» дыбысының сөз басында кездесетінін түсіндіру.
• Алма, айна, алқа, апа, ата суреттерін көрсету арқылы сөз аяғында кездесетінін түсіндіру.
• Қарбыз, қауын, қалам, балапан, банан суреттерін көрсету арқылы сөз ортасында кездесетінін түсіндіру.

Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша оқушыларға сөйлем құрату. «А» дыбысы бар сөздерді атап, сөздің қай жерінде кездесетінін айтқызу.
• Алма сөзіне дыбыстық талдау жасау
• Жеміс - жидектер мен көкөністердің атауларын буынға бөлу
• Неше буын болса бұл сөзде, сонша дауысты дыбыс бар.
• Ойын «Кім көп сөз айтады?»
А дыбысы мен әрпі жүктеу
А дыбысы мен әрпі слайд жүктеу
2 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
А дыбысы және әрпі
А дыбысы және әрпі
Баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Урынбаева Айгерім Жалғасқызы
Ю дыбысы және әрпі
Ю дыбысы және әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмагуль Ашикбаева
Ғ дыбысы мен әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×