Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ күрішті аймақ

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы № 24 мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға «Ақ күрішті аймақ» Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы түсінік бере отырып, мәтінді меңгерту.
2. Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, ізденімпаздық, танымдылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: ҚР географиялық картасы, Ы. Жақаевтың суреті, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз
Ә) Өміршеңдік ережелер:
- Жалпы адам өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күреседі?
- Адам кез - келген іске иығын тіктеп, жарқын көңілмен кірісуі керек және табысқа жетуі үшін өзін - өзі іштей сендіру керек. Ол үшін адам өз бойындағы ең жақсы қасиеттерді білу керек. Мәселен, мен өзімді мәдениеттімін дей аламын, яғни мәдениет деген мен. (ары қарай оқушылар жалғастырады)
- Жігер деген мен
- Алғыр деген мен
- Табиғатты сүюші мен
- Ақылдылық деген мен
- Денсаулық деген мен
- Инабаттылық деген мен
- Білімділік деген мен
- Күш деген мен
- Кешірім деген мен
- Сауаттылық деген мен
- Ізеттілік деген мен
- Мейірім деген мен

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ел болу тарихымыздан
1 топ: Азаттық символы – Алтын адам
2 топ: Қазақ хандығы
3 топ: Тәуелсіздік – тірегіміз.
Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша түсініктерін айтады.
ІІІ. «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1. «Алтын адам» қайдан, қашан табылды?
2. Үш биді ата
3. Қазақ хандығы қай уақытта құрылды?
4. ҚР елтаңбасында қайталанған алтын адам тәжіндегі қандай бейне?
5. Тұңғыш заң қалай аталады?
6. Еліміздің тарихында Тәуке хан мен Абылай ханның алатын орны қандай?
7. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлік көрсеткен аға – апаларымызды ата.
8. Еліміздің Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

IV. Мағынаны тану
Жаңа сабақ: Ақ күрішті аймақ
- Балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін өткен сабақты еске түсіре отырып, мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Біздің Отанымыз? - Қазақстан
2. Үш бидің бірі? - Қазыбек
3. Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі
4. Қазақтың ханы - Абылай
5. Қазақтың батыр қызы - Әлия
6. … оттан да ыстық - Отан
7. Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан
8. 16 желтоқсан қандай күн - Тәуелсіздік
9. Шаңырақ пен бес жұлдыз бейнеленген рәміз - Елтаңба

- Сонымен, біз сөзжұмбақ шешу арқылы ақ күріштің аймақ «Қызылорда» екенін таптық. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың барысында Қызылорда облысы және ақ күріштің атасы Ы. Жақаев туралы мағлұмат аламыз.
- Балалар, Қызылорда туралы не білеміз?

Облыс орталығы

Күріш қоймасы Сыр елі - жыр елі

Сыр бойы Әсем қала
V. Картамен жұмыс.
- Арал теңізінің шығысынан басталып, Сырдария өзенін бойлай Қызылорда облысы созылып жатыр. Оның ең басты қаласы – Қызылорда. Бұл аймақтың табиғаты шөлді. Жерінде үлкен - үлкен құмды жондар жиі кездеседі. Республикамыздың ең ыстық шөлді өлкелерінің бірі.
Бұл өлкенің басты ерекшелігі - Сырдария бойында жатуы. Шөлді аймақты көркейтіп, ақ күрішті жайқалтып отырған Сырдың суы.
Ақ күріштен мол өнім алудан алға шыққан адам – атақты күрішші Ыбырай Жақаев еді.

VI. Оқулықпен жұмыс
1 топ: Сырдария өзені жазылған тұсты тауып оқы.
2 топ: Қызылорда облысының шаруашылығы жөнінде жазылған тұсты оқы.
3 топ: Арал теңізі жайлы жазылған тұсты оқы.
VII. Ой толғаныс
1 топ: Ақ күрішті – аймақ (ребус шешеді)
2 топ: INSERT (түртіп алу) әдісі
Білемін Білдім Білгім келеді
Қызылорда әсем қала. Ол біздің облыс орталығымыз Атақты күрішші Ы. Жақаев өмірімен таныстым. Күріштің ең бағалысы біздің облыста өсірілетінін білдім. Қызылордада қандай мәдени орталықтар бар?

3 топ: «Бес жолды өлең» әдісі. Ы. Жақаев

Зат есім Ыбырай
Сын есім Күрішші, еңбекқор
Етістік Екті, суарды, еңбектенді
Сөйлем Ол дүниежүзілік рекорд жасады
Синоним адам

VIII. Бағалау: топтап және жекелеп бағалау
ІХ. Үйге тапсырма:
1 топ: Сыр елі – жыр елі (реферат жазу)
2 топ: Ы. Жақаев туралы (реферат жазу)
3 топ: Арал апаты (реферат жазу)
10 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Ақ күрішті - аймақ
Ақ күрішті - аймақ
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Бекзат Ибрашқызы
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×