Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрттен бір бөлік (ширек)

18 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек).
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Теорияны практикамен ұштастыру.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, доп, кесте.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
*Психологиялық сәт:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
ІІ. Жаңа сабақ.
«Тез ойла» ойыны.
Доп арқылы 2-нің, 3-тің, 4-тің көбейту кестесін еске
түсіру.

Көркем жазу минуты. 4 саны мен цифры.
«Ұғып ал». Төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын мысалдар арқылы түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
№ 1, 2-есептерді ауызша орындау.
№3-есеп. «Қандай сан?». Бос орындарға тиісті сандарды қою(ауызша).
Тақтамен жұмыс.
№4, 6-есептер. «Кестемен жұмыс»
Суретпен жұмыс.
№5-есеп. Төрттен бір бөлігі боялған фигураларды тап.

Сергіту сәті.
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Дәптермен жұмыс.
№9-есеп.
*Дәптеріңе суреттегі фигураларды сал.
*Әр фигураның төрттен бір бөлігін боя.

№10-есеп.
1) Әкесі – 35 жаста
Лиза -?------- 23 жас кіші
Сіңілісі – 5 жаста -------------? жас үлкен
Ш: 35-23=12 12-5=7
Ж: Лиза сіңлісінен 7 жас үлкен

2) Оқулық – 36
Әр сөреде – 9 оқулықтан
Сөре саны -?
Ш: 36: 9=4
Ж: Сөре саны – 4.
№11-есеп. Амалдарды орында:

Логикалық ойлауға арналған есеп.
№12-есеп.
Торт екіге бөлінді, жарты торттар тағы да екіге бөлінді. Содан соң осы кесілген торттар тағы да төртке бөлінді. Сонда торт барлығы неше бөлікке бөлінді?
1*2*2*4 =16 торт 16 бөлікке бөлінді.

ІІІ. Қорытындылау.

*Біз бүгін ұғыммен таныстық?
*Басқаша қалай атауға болады?
*Мына алманы төртке бөл де, бір бөлігін өзің ал. Алманың неше бөлігі қалды?
Үштен бір бөлігін Болатқа бер.

ІV. Үйге тапсырма.
№7, 8-есептер.
V. Бағалау, мадақтау.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Бисембаева Айгерім Курмангазиевна
36 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын
3 санының және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегалиевна
Санның бөлігі
Санның бөлігі
Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, санның бөлігі (үлесі) қалай пайда болатынын, қалай аталатынын таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×