Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құлын мінген бала

10 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың батыр да тапқыр, қолбастаған аталарымыз туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау. Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау.
2. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, топтамалар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
3. Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ерлікті паш ету.
Сабақтың түрі: топтық жарыс
Әдіс - тәсілдері: бақылау, өзіндік бағалау
Көрнекілігі: үстелдегі сілтемелер, суреттер, топшамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, үйге не берілді?
- Жеңіс деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Бейбітшілік, қуаныш, тыныштық, күн, бірлік, күлкі...
- Осы сөздердің ішінен өздеріне ұнаған үш сөзді таңдап алуларыңа болады.
Осы таңдап алынған сөздер бойынша үш топқа бөлінеді.
- Үйге берілген «Жеңіс күні» өлеңін кім маған мәнерлеп оқып береді?
- Сонымен, балалар, сендер таңдап алған «бейбітшілік», «жеңіс», «тыныштық» деген сөздер кімдердің тілектері екен?
- Ананың, әкенің, атаның, әженің, ағаның, баланың яғни барлық халықтың тілегі.
- Осындай жеңіс күніне бізді жеткізген кімдер деп ойлайсыңдар?
- Бізді осындай бейбітшілік өмірге жеткізген батыр аталарымыз бен апаларымыз.
Батырлардың суреттері интерактивті тақтадан көрсетіледі.
- Дұрыс балалар, енді дәптерлерімізді ай - күнді жазамыз және К к әрпін әдемі, көркем және үзбей жазып шығамыз.
Балалар жазу жазып жатқанда тақтада қара бұлттың, мылтықтың, әскери ұшақтың, танктің суреттері ілінеді. Бұл суреттердің астында тапсырмалар бар.
- Бәріміз тақтадағы суреттерге көз салайық. Көз алдарыңа не елестеді. көңіл күйлерің қалай өзгерді?
Оқушылардың жауабы.
- Осындай қорқыныш пен үрейді жеңу үшін біз осы суреттердің астындағы жазылған тапсырмаларды дұрыс орындап, жауап беруіміз керек.
І. Жаңа сөз жаса:... өрік,... ар,... асық
ІІ. қарама - қарсы сөздерді тап: тар -..., ақ -..., биік -...
ІІІ. Буын қосып сөз құра...- ал,...- ар,...- бай
Осы сөздердің ішінен жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратып айтуын сұрау.
Бұл жауаптарың өте дұрыс. Дәл қазір сендер де ерлік жасап үрей, қорқыныш тудырған суреттерді тақтадан алып тастауға көмектестіңдер. Енді кітаптарыңның 184-бетін ашып 175-жаттығуды оқиық. 3 топқа тапсырма
І - топ Қоян туралы мәтін құра.
ІІ.- топ Жуан дауысты дыбысты сөздерді тап.
ІІІ.- топ Жіңішке дауысты дыбысты сөздерді тап.
- Бұл сөздер неге жуан айтылып тұр?
- Не себепті жіңішке айтылып тұр деп ойлайсыңдар?
177-жаттығу. І. Сөздерді буынға бөліп оқы.
ІІ - топ Ұнаған сөздеріңнен тақтада сөйлем құрап жазу.
ІІІ - топ Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді жазу
Сергіту сәті
- Дәптерімізді жауып партаның шетіне қояйық. Бүгін біз сендермен аты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының балалық шағымен таныса отырып, ол кісінің армандаған арманына қалай жеткеніне, өмір жолын оқып білеміз.
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
3 топқа тапсырмалар үлестіру
І-топ Мәтінді мәнерлеп оқы.
ІІ-топ Мазмұндау
ІІІ- топ Мәтінге ат қою.
Шығармашылық тапсырма: І. Білетін батыр аталарыңның атын ата
ІІ. Бейбіт күнде батыр болу үшін не істеу керек?
ІІІ. Отаныңды, еліңді не үшін қорғайсың?
Жеңіс күнінің қарсаңына қарай, батыр аталарымыздың рухы биіктей берсін, аты мәңгілікте есімізде сақтаймыз деп ант берейік
Үйге: Мәтінді түсініп, мазмұндап келу. 176 - жаттығу
Бағалау
Сабақты «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау
11 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Мектепалды даярлық тобына арналған тест
Сауат ашу Жіңішке айтылатын сөзді тап. а) қауын ә) айран б) сағат в) төбе
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
О, қорқайын мен неге? Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылы "Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Асемгул Сериктаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×